Қазақстанда құс еті көбірек өндіріле бастады

Қазақстанда құс еті көбірек өндіріле бастады

Бүгінгі күні республикада 69 құс фабрикасы, оның ішінде 34 жұмыртқа және 29 ет бағытындағы, сондай-ақ 6 асыл тұқымды өнім шаруашылығы бар.

2022 жылдың қорытындысы бойынша шаруашылықтардың барлық санаттарындағы құс етін өндіру көлемі 288,7 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға артық,  5,1 млрд дана тауық жұмыртқасы шығарылды бұл былтырғы көрсеткіштен 4,4%-ға жоғары.

Құс фабрикалары өндірген тағамдық жұмыртқаның үлесі 75,3%, жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесі 24,6% құрайды. Ішкі нарықтың қамтамасыз етілуі 101% құрады.

2023 жылдың 1 жартыжылдығында шаруашылықтардың барлық санатында құс етін өндіру 165,2 мың тоннаны (+14,4%) құрады,  сондай-ақ шамамен 2,4 млрд дана (-1,8%) тауық жұмыртқасы шығарылды.