АШМ электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау тәртібіне өзгерістер енгізеді

АШМ электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау тәртібіне өзгерістер енгізеді

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мәселелері жөніндегі Заңды іске асыру шеңберінде АШМ электрондық жер-кадастрлық карталарды құру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтың жобасын әзірледі.

Құжаттамада жер-кадастрлық құжаттамаға тиісті өзгерістер енгізілген жағдайда, топологиялық қателері бар жер-кадастрлық құжаттаманың негізінде ЖМБМК АЖ дерекқорына енгізілген координаттарға жер учаскелері шекараларының орналасқан жері сәйкес келмеген жағдайда түзетуге жол берілетіні көзделеді.

Топологиялық қателерді  жою мүмкін болмаған кезде қиылысатын жер учаскелерінің шекаралары бойынша дауды шешу заңнамалық тәртіппен қаралады.

Өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделмеген жер учаскелерінің шекараларының координаттарының болмауы бөлігінде көзделеді.

Бұйрық жобасымен толығырақ Ашық НҚА порталында танысуға болады.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14611712