Қазақстандықтардың назарына, шілдеден бастап орталық мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының азаматтарды қабылдауы бекітілген кестеге сәйкес Азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында жүргізіледі.
Орталық базасында келушілер ыңғайлы жағдайда кез келген мемлекеттік органға өтініш бере алады, сондай-ақ офлайн және онлайн форматтарда түрлі ведомстволар өкілдерінің кеңестерін ала алады.
Азаматтарды қабылдау орталығы Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйінің 16 кіреберісі мекенжайы бойынша орналасқан.
Бекітілген кестеге сәйкес, ҚР АШМ лауазымды тұлғаларының қабылдауына 8 (7172) 555 840 телефон нөмірі бойынша жазылуға болады.