ДДСҰ Қазақстанға аусылмен мәртебесін қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды маусым айында береді

ДДСҰ Қазақстанға аусылмен мәртебесін қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды маусым айында береді

Маусым айында Қазақстан Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ел аумағындағы аусыл бойынша ағымдағы жағдай туралы толық есебін алады.  Құжаттың негізінде ветеринариялық қызмет республиканың бірқатар өңірлері үшін вакцинациялаумен аусыл бойынша салауаттылық мәртебесін алуға өтінім бере отырып, бар кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейтін болады.

Еске сала кетейік, 10-14 сәуір аралығында ДДСҰ сарапшылары Қазақстанда болып, олар ветеринарлық қызметтің тиімділігін, сондай-ақ аусыл мен классикалық шошқа обасын бақылау және бақылау бағдарламаларын бағалады.  Мамыр айында ДДСҰ АШМ-ге өткізілген миссияның қорытындысы бойынша Қазақстан аусыл ауруына шалдығу бойынша өзінің аймақтық салауаттылық мәртебесін қалпына келтіру жөніндегі талаптарға сәйкес келмейтінін хабарлады. Себептердің бірі вакцинацияны бастау мен ДДСҰ-на өтініш беру арасындағы уақыттың аздығы болды, бұл қабылданған шаралардың тиімділігін анықтауға мүмкіндік бермейді.

Сонымен қатар, биыл мамыр айында ДДСҰ делегаттары ассамблеясының Бас сессиясында Қазақстанның оңтүстік-шығыс облыстарын вакцинациялаумен салауаттылық мәртебесі қайта расталып, сайтта жарияланды.

Бұған дейін, 2022 жылы Қарағанды облысының аумағында анықталған аусыл ауруы вакцинациясыз аусыл бойынша қолайлы аймақ мәртебесінің тоқтатылуына алып келген болатын. Жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша ошақта – О/Ind 2001 типі анықталды, ол бұрын елде тіркелмеген, бірақ соңғы 3 жыл ішінде Ресей, Моңғолия және Қытайда анықталған.

Министрлік аусылдың Қазақстан аумағы бойынша таралуына жол бермеу үшін бизнес пен ғалымдардың пікірін ескере отырып, республиканың солтүстік-батыс және орталық облыстарының барлық сезімтал мал басын вакцинациялауға көшу туралы, кейіннен аусыл бойынша вакцинациялаумен салауатты аймақтарға аусыл мәртебесін өзгерте отырып, негізделген шешім қабылдады.

2022 жылдың мамырынан тамызына дейін барлық малдарға профилактикалық егу жүргізілді. Ол аяқталғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігі мәртебені қалпына келтіру үшін ДДСҰ-ға өтінім жіберді, ол қолдау таппады.

Бүгінде аусыл ауруына қатысты жағдайға қарамастан, мал шаруашылығы өнімдері Орталық Азия, Парсы шығанағы, Таяу және Қиыр Шығыс елдеріне экспортталады. Сонымен қатар, министрлік Қытай мен Ресей енгізген экспорттық шектеулерді алып тастау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Атап айтқанда, ҚХР-ға сапары аясында АШМ басшысы Қытайдың Бас кеден басқармасының басшылығымен Қазақстанды аймақтандыруды тану мәселелері бойынша екіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша тиісті рәсімдерді қайта қарау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Келіссөздердің екінші кезеңі шілдеге жоспарланған.

Мәскеуге жұмыс сапары аясында Ауыл шаруашылығы министрі Ресей АШМ басшысымен және Ресей аумағына отандық ет пен ет өнімдерін экспорттауға уақытша шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша Россельхознадзор басшысымен кездесті.