АЙТЫЛДЫ:
«Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды».
ОРЫНДАЛДЫ:
2022 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекетке пайдаланылмаған және ауыл шаруашылығы жерлерін бұза отырып берілген 6,1 млн га жер қайтарылды, оның ішінде биыл 695,8 мың га мемлекет меншігіне қайтарылды. Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жер пайдаланушылары 2,3 млн алаңда өз учаскелерін игеруге кірісті, оның ішінде 2023 жылы - 270 мың га.
Республика бойынша жер пайдаланушыларға қатысты 4,5 млн га алаңда 1907 жоспардан тыс тексеру тіркелді, тексеру нәтижелері бойынша 2,8 млн га алаңда жер заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 1254 нұсқама енгізілді, 201,8 мың га алаң бойынша 136 материал соттарда қаралып жатыр.