"KazAgro/KazFood Turkistan": Әбілхайыр Тамабек халықаралық көрмеге қатысушыларды құттықтады

"KazAgro/KazFood Turkistan": Әбілхайыр Тамабек халықаралық көрмеге қатысушыларды құттықтады

            Түркістанда алғаш рет "KazAgro/KazFood Turkistan 2023" халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр. Көрмеге әлемнің 20 елінен келген фермерлер қатысып, ауыл шаруашылығындағы негізгі жетістіктерімен бөлісіп жатыр.  Қатысушылар арасында Ресей, Өзбекстан, Қытай, Түркия, Голландия және т.б. елдердің делегациялары бар.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан делегаттарды вице-министр Әбілхайыр Тамабек қарсы алды. Ол көрме өтетін орын кездейсоқ таңдалмағанын атап өтті. Түркістан облысы - Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жетекші өндірушісі болып табылады. Өңірде 80-нен астам агрокомпания тіркелген.

            "Агроөнеркәсіптік кешен ел халқының жартысына жуығының негізгі табыс көзі болып отыр. Бұл іс - шара фермерлерге отандық өнімдерді, жабдықтарды өндірушілер, сондай-ақ оларды жеткізушілермен және бөлшек саудагерлермен тығыз іскерлік байланыстар мен серіктестік қатынастар орнатуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті вице-министр.

           Айта кетейік, үздік ауыл шаруашылығы өнімдері мен технологиялық жабдықтарды көрсетумен қатар, көрме-жәрмеңке алаңдарында ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібін дамыту саласындағы жаһандық тақырыптарға арналған панельдік сессиялар өтіп жатыр.

           Бұдан бөлек, "KazAgro/KazFood Turkistan 2023" көрмесінде отандық тауар өндірушілер мен сауда объектілерінің тікелей өзара іс-қимылына бағытталған "Қазақстанда жасалған" (Made in KZ) жалпыұлттық жобасы ұсынылады және жергілікті нарықта заманауи және сапалы отандық өнімді жан-жақты қолдау болып табылады.

Көрме-жәрмеңке жұмыс істеген күндері нарық бүкіл бизнес-қауымдастықтың жемісті қарым-қатынасына, сондай-ақ отандық және шетелдік компаниялар, салалық одақтар мен қауымдастықтар, тәжірибелі сарапшы-практиктер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері арасындағы сындарлы диалогқа толы болады деп көзделіп отыр.