Түркістанда I-ші «KazAgro/KazFood Turkistan2023» халықаралық көрмесі өтеді

Түркістанда I-ші «KazAgro/KazFood Turkistan2023» халықаралық көрмесі өтеді

2023 жылғы 20-22 наурыз аралығында Түркістанда алғаш рет "KazAgro/KazFood Turkistan2023" халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі өтеді.

Көрме-жәрмеңкенің мақсаты – ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібінің өнімдері мен қызметтерін көрсету, сондай-ақ сату болып табылады. Іс-шара іскерлік байланыстар орнату және жаңа бизнес-келісімшарттар жасасу мүмкіндігін беретін алаңға айналады. Қатысушылардың арасында Ресей, Өзбекстан, Қытай, Түркия, Голландия және т. б. мемлекеттердің делегациялары бар.

 Көрме-жәрмеңкенің іскерлік бағдарламасы ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібін дамыту саласындағы жаһандық тақырыптарға арналған панельдік сессияларды қамтиды.

"KazAgro/KazFood Turkistan2023"-те отандық тауар өндірушілер мен сауда объектілерінің тікелей өзара іс-қимылына бағытталған "Қазақстанда жасалған" (Made in KZ) жалпыұлттық жобасы ұсынылатын болады, ол  жергілікті нарықта заманауи және сапалы отандық өнімді жан-жақты қолдау болып табылады.

Жергілікті мазмұн идеологиясын ілгерілету және дамыту мақсатында халық арасында отандық өнімнің сапасы жоғары екеніне сенім мен сенімділікті оятуға арналған "Қазақстанда жасалған" таңбалау белгісінің тұсаукесерін жасау үшін баспасөз конференциясы өткізілетін болады.

Көрме-жәрмеңке жұмыс істеген күндері нарық бүкіл бизнес-қауымдастықтың жемісті қарым-қатынасына, отандық және шетелдік компаниялар, салалық одақтар мен қауымдастықтар, тәжірибелі сарапшы-практиктер мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдерінің арасындағы сындарлы диалогқа толы болады деп күтіліп отыр.

Көрме-жәрмеңкенің ресми ашылуы:

2023 жылы 20 наурыз сағат 10.00-де.

Түркістан қаласындағы "Karavan Saray" кешенінде өтеді.

Толығырақ ақпаратты көрме-жәрмеңкені ұйымдастырушылардың кеңсесінен алуға болады "ExpoGroup" ВАК:   

Телефон: +7 (701) 952-86-72                   

e-mail: expogroup@expogroup.kz