АШМ егіс жұмыстарына дизель отынын электрондық бөлуді енгізуді жоспарлап отыр

АШМ егіс жұмыстарына дизель отынын электрондық бөлуді енгізуді жоспарлап отыр

Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл маусымдық ауылшаруашылық жұмыстарына дизель отынын бөлудің жаңа тетіктерін іске қосады.

Ведомство дизель отынын бөлудің барлық процестерін, оның ішінде дизель отынын жеткізу жөніндегі операторларды айқындау жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібін және операторларды айқындау шарттарын, сондай-ақ дизель отынының көлемін субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінде электрондық қалыптастыру және бөлу процесін қамтитын қағидалардың жобасын әзірледі.

Шаруалар   үшін жанармай көлемін қалыптастыру және бөлу ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша 1 гектарға дизель отыны шығысының нормативтеріне сәйкес, егіс алқаптарын ескере отырып жүргізілетін болады.

Дизель отынын алушылардың тізілімі gosagro.kz. порталында автоматтандырылған режимде жасалады.

Қазіргі уақытта қағидалар жобасы салалық қоғамдық ұйымдар мен «Атамекен» ҰКП-да қарау және келісу рәсімінен өтіп жатыр. Құжаттың жобасымен «Ашық НҚА» порталында да танысуға болады.

Барлық келіп түскен ескертулер мен ұсыныстар қаралады және негіз болған жағдайда қағидалар жобасын пысықтау кезінде ескерілетін болады.

Айта кетейік, дизель отынын электрондық бөлуді СБМАЖ-ға республика өңірлерінде пилоттық режимде сынақтан өткізгеннен кейін ғана енгізу жоспарланып отыр.