Бұқашықтар мен қошқарлардың экспортына квота енгізу туралы

Бұқашықтар мен қошқарлардың экспортына квота енгізу туралы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, 2022 жылғы 31 желтоқсаннан  бастап, Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларын шетелге экспорттаудың жаңа ережелері күшіне енді. Соған сәйкес келесі сандық шектеулер енгізілді:

- Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102) 60 000 бастан аспайтын бұқашықты шығаруға;

- Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және ЕАЭО мемлекеттеріне (тауар номенклатурасының коды 0104) 120 000 бастан аспайтын қошқарды шығаруға рұқсат.

Бұйрыққа сәйкес квоталар тек 12 айдан асқан бұқалар мен 6 айдан асқан қошқарларға белгіленеді, сондай-ақ аналық малға қолданылмайды.

12 айдан асқан бұқашықтарды карантинге қою үшін сандық лимит 60000 (алпыс мың) басты құрайды, оның ішінде:

- бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың) бас;

- тауар өндірушілер үшін – 30 000 (отыз мың ) бас.

6 айдан асқан еркек тоқтыларды карантинге қою үшін сандық лимит 120000 (жүз жиырма мың) басты құрайды, оның ішінде:

- бордақылау алаңдары үшін – 30 000 (отыз мың ) бас;

- тауар өндірушілер үшін – 90 000 (тоқсан мың) бас.

Қазақстан Республикасының аумағынан 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 500 (бес жүз) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 200 (екі жүз) бастан аспайды.

Қазақстан Республикасының аумағынан 6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 1000 (мың) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 500 (бес жүз) бастан аспайды.

Жануарларға арналған карантиндік кезеңнің басталу күні мен уақыты – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 428 бұйрық тіркелген күннен басталады және 08 ақпанда яқталады.

Тауарлар экспортына квотаны бөлу кезеңінің басталу және аяқталу күні мен уақыты 2023 жылғы 01 қаңтардан бастап 01 наурызға дейін.

Жануарларды карантиндеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген) бекітілген Жануарларды карантиндеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Бүгінгі таңда экспортқа бағытталған 602 бас ірі қара мал карантинге қойылды.