Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК саласында Израильмен ынтымақтастыққа мүдделі

Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК саласында Израильмен ынтымақтастыққа мүдделі

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК саласында Израильмен ынтымақтастыққа мүдделі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлі Ербол Қарашөкеев Израильдің Қазақстандағы Елшісі Ябо Глусман Эдвин Натанмен және Израиль-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Роэ Михаэльмен кездесуде мәлімдеді.

Атап айтқанда, кездесуде екі  ел арасында жемшөп дақылдарын өсіру бойынша тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы сөз болды.

"Израильдің климаттық жағдайы Маңғыстау облысының құрғақ климатына ұқсас. Сондықтан біз Израильдің осындай ауа - райы жағдайында жемшөп өсіру жүйесін зерттеуге мүдделіміз", - деді министр.

Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі израильдік әріптестеріне жерді тамшылатып суару, технологиялар трансфері және агроөнеркәсіптік кешен жобаларын коммерцияландыру, сондай-ақ қазақстандық өнімдерді экспорттау саласында кадрлар даярлауда ынтымақтастықты дамытуды ұсынады.

Министр сондай-ақ инновациялық технологияларды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығындағы жобаларды іске асыру үшін израильдік компанияларды Қазақстанға шақырды. Атап айтқанда, инвесторлар сүт өндірісінде, дәл егіншілікте және саланың басқа салаларында қажет.