БҚО-да малдың сарып ауруы (бруцеллез) бойынша жағдай бір жылда қалай өзгерді

БҚО-да малдың сарып ауруы (бруцеллез) бойынша жағдай бір жылда қалай өзгерді

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың
8 айында 469 245 бас ІҚМ бруцеллезге серологиялық әдіспен зерттеліп, оның ішінде 3 582 бас ІҚМ (немесе жұқтыру деңгейі 0,76%) оң нәтиже көрсетті. Бүгінгі күні 3 338 бас ІҚМ санитарлық союға жіберілді, қалған 244 бас ІҚМ бойынша 15 күнтізбелік күн ішінде санитарлық союға жіберу үшін ұйғарымдар берілді.

Ағымдағы жылдың 8 айында 896 198 бас ұсақ мал бруцеллезге тексеріліп, оның ішінде 588 бас (немесе жұқтыру деңгейі 0,07%) бруцеллезге оң нәтиже көрсетті. Бүгінгі күні 516 бас уақ мал санитарлық союға жіберілсе, қалған 344 бас ұсақ мал бойынша 15 күнтізбелік күн ішінде санитарлық союға жіберуге ұйғарым берілді.

Өткен жылдың ұқсас кезеңінде (2021 жылдың 8 айында) бруцеллез ауруына 603 125 бас ІҚМ тексеріліп, оның ішінде 5 144 бас (немесе жұқтыру деңгейі 0,85%) бруцеллезге оң нәтиже көрсетті, олар санитариялық союға жіберілді. Осыған қоса, 1 147 818 бас ұсақ мал бруцеллезге зерттеліп, 1 393 бас (немесе жұқтыру деңгейі 0,12%) оң нәтиже берді, олар санитарлық союға жіберілді.

Демек Батыс Қазақстан облысында бруцеллез бойынша жұқтыру деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеуде.