Асылхан Джувашев Азық-түлік корпорациясының басшысы болып тағайындалды

Асылхан Джувашев Азық-түлік корпорациясының басшысы болып тағайындалды

2022 жылы 19 тамызда ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен, Үкіметпен келісім бойынша, Асылхан Джувашев "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

Асылхан Джувашев 41 жаста, әр жылдары "ҚазАгро" холдингі, "ҚазАгроҚаржы"АҚ-да жұмыс істелген. Тағайындалғанға дейін ол "Аграрлық несие корпорациясы"АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Сонымен бірге, Азық-түлік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына бұрын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-да жұмыс істеген 42 жастағы Дархан Дәуітов тағайындалды.

Сондай-ақ бүған дейін "Отбасы банк" АҚ бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған Азат Әшімов ұлттық компанияның атқарушы директоры болды.

Айта кетейік, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы "ҰК" АҚ-ның бұрынғы басшылығы Сапархан Омаров, Қанат Қараулов және Әсет Бектеміров өз еркімен қызметінен кетті.