Анонс

Анонс

Солтүстік Қазақстан облысында Егістік күні өтеді. Іс-шараның қатысушыларына дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдарды іріктеу саласындағы жетістіктер ұсынылып, сондай-ақ селекциялық және сынақ жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи ауыл шаруашылығы техникасы, зертханалық және ауыл шаруашылығы жабдықтары таныстырылады.

2022 жылғы 11 тамызда БАҚ өкілдерін Есіл астық жемдік мемлекеттік сорт сынау учаскесі базасында өтетін баспасөз турына қатысуға шақырамыз. 

Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек, Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің, Есіл ауданының, Явленка ауылдық округінің өкілдері қатысады.

Журналистердің ауыл шаруашылығы саласындағы және сорт сынау желісіндегі проблемаларға қатысты сұрақтарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, оригинаторлар, сондай-ақ жетекші ғылыми қызметкерлер жауап береді.

Өтетін орны: Явленка селосы (Петропавл қаласынан 80 шақырым жерде)  ҚР АШМ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» РММ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының «Есіл астық жем мемлекеттік сорт сынау учаскесі».

Қосымша ақпарат үшін байланыс номері 8 701 7013450