Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға алу тетігін қысқа мерзімде қабылдау жоспарлануда

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға алу тетігін қысқа мерзімде қабылдау жоспарлануда

 Бүгін, 27 шілдеде  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде вице-министр Ә. Ғ. Тамабектің және экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі З. Б. Сүлейменованың төрағалығымен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 14 шілдедегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын іске асыру бойынша ӨКМ Операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасы сатып алу мақсатында жеңілдетілген несие механизмін енгізу қатысты кеңес өтті.

Сондай-ақ, аталған кеңеске ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Жасыл Даму" АҚ және Қазақстан фермерлер одақтары қауымдастығының өкілдері қатысты.

Осы кеңестің қорытындысы бойынша Тараптар "Жасыл Даму"АҚ қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен жалға беру тетігінің негізгі тәсілдерін талқылап, келісті.

Ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікті лизингке алу тетігін ағымдағы жылдың жаппай егін жинау жұмыстары басталғанға дейін, қысқа мерзімде қабылдау жоспарланып отыр. Бағдарламаның шарттары шағын және орта Ауыл шаруашылығы құрылымдарының ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуын ынталандыруға бағытталады

Бұл бағдарламаға шамамен 40 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Қаржыландыруды «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары жүзеге асыратын болады.