Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру
    1. «Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өтінімдер қабылдауда, атап айтқанда:

    бөлінетін квота көлемінің 85%-н өтінім беруші-қант зауыттары арасында өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) және тек қана ішкі нарықта өткізуге арналған ақ қантты (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 1701 99 100) әкелуге;

    бөлінетін квота көлемінің 15%-н өтінім берушілер арасында құрамында қанты бар өнімдер өндіруге арналған ақ қантты («экстра» санаты) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 1701 99 100) әкелуге.

    Қазақстан Республикасының аумағына ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде кедендік баждарды төлемей, Қазақстан Республикасына 102 377,8 тоннадан аспайтын жиынтық көлемде әкелуге өтінімдер қабылдауды жүзеге асырады.

            

    1. Өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты:

     

    2022 жылғы 8 шілде сағат 9.00-ден бастап 2022 жылғы 14 шілде сағат 18.30-ға дейін.

     

    1. Өнеркәсіптік өңдеуге арналған құрақ қанты шикізатын және тек қана ішкі нарықта өткізуге арналған ақ қантты әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім беру үшін бір өтінім беруші-қант зауытына арналған лимиттің жиынтық көлемі 30 000 (отыз мың) тоннадан аспайды.
    2. Өкілеттігін растайтын тиісті құжат негізінде өтініш берушінің бірінші басшысы не уәкілетті тұлға қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар уәкілетті органның кеңсесі (Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер Үйі, 2-кіреберіс) арқылы қолма-қол немесе уәкілетті орган кеңсесінің оffice@minagri.gov.kz электрондық мекенжайына PDF форматында электрондық түрде ұсынылады.

      Өтінімді жібергеннен кейін өтінім қабылданғаны және тіркелгені туралы
      8 (7172) 555-763 телефоны бойынша нақтылау қажет.

      Өтінімде ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) құжаттардың бұйрық талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда хабарлама жіберу үшін өтініш берушінің электрондық мекенжайын міндетті түрде көрсету қажет. 

    1. Құжат нысандарын жүктеу сілтемесі:

Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 1701 99 100) әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім нысаны

Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 1701 13, 1701 14) әкелуге квоталарды бөлуге қатысуға өтінім нысаны

Хабарлама

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 47 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына ақ қантты және құрақ қанты шикізатын әкелуге квоталарды бөлу қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, атап айтқанда 14-1-тармағының шеңберінде осы Қағидалардың
3-тармағының бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына ақ қант пен құрақ қанты шикізатын әкелуге квота алған өтініш берушілер (өтініш беруші осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес ақпаратты ұсынбаған жағдайда) 2022 жылғы 14 шілдеге дейінгі мерзімде уәкілетті органға бөлінген квотаның нақты игерілгені туралы растаухатты жібереді. Бөлінген квота игерілмеген не бөлінген квота толық игерілмеген кезде келісімшарт (шарт) құнының кемінде 15%-ы төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі немесе құжаттамалық аккредитив ашуды көздейтін келісімнің көшірмесі қоса беріле отырып растаухат жіберілетінін хабарлаймыз.

Келісімшарт (шарт) құнының кемінде 15%-ының төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі немесе құжаттамалық аккредитив ашуды көздейтін келісімнің көшірмесі немесе тауардың тиеп-жөнелтілген фактісін растайтын құжаттың көшірмесі болмаған жағдайда, уәкілетті орган бұрын бөлінген квота көлемін жояды. Бөлінген квота көлемінің жойылғаны туралы хабарламаны уәкілетті орган өтініш берушінің өтініште көрсеткен электрондық почтасының мекенжайына жібереді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қағидалардың жоғарыда көрсетілген талаптары орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган бұрын бөлінген квоталар көлемін қайта бөлу үшін жояды.