Министрлік қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау туралы конкурс жариялайды

Министрлік қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау туралы конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 9 баптарына және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22264 нөмірімен тіркелген)  Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау туралы конкурс жариялайды.

Министрлік осы жылы  27 маусым-11 шілде аралығындағы (қоса есептегенде) мерзімде азаматтардан Қоғамдық кеңеске кандидатуралар бойынша ұсыныстарды жазбаша түрде қабылдайды.

Қалыптастырылатын Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 18 адамды құрайды (3 адамы - мемлекеттік органдар өкілдері қатарынан, 15 адам - коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар қатарынан).

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тізбесін ұсыну қажет:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2)өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін
Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 3 кіреберіс (тел. 55-57-65) мекенжайы бойынша немесе minagripress@gmail.com электронды поштасы арқылы қабылданады.

Құжаттар үлгісі