ҚР Ауыл шаруашылығы министрі азаматтарды қабылдады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі  азаматтарды қабылдады

22 маусымда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев кезекті азаматтарды  қабылдауын өткізді.

Қабылдауда айтылған өтініштер Жер кодексі және жер қатынастары, мемлекеттік бағдарламалар, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, ветеринария және ауыл шаруашылығын цифрландыруға қатысты болды.

Барлығы 16 сұрақ қойылып, соның барлығына жауап берілді.

Министр  азаматтар көтерген әрбір мәселе бойынша түсініктеме беріп, айтылған ұсыныстар мен жобалар ведомствоның құрылымдық бөлімшелерімен мұқият қаралатынын атап өтті. Азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша ведомство басшысы құрылымдық бөлімшелерге бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ал пысықтауға қосымша уақытты қажет ететін мәселелерді министр жеке бақылауына алды.

Еске сала кетейік, АШМ басшысының халықпен кездесулері тұрақты түрде өткізіліп тұрады.