2022 жылғы маусым-тамызда айларына күнбағыс майын шығаруға квота алу үшін өтінім қабылдау туралы хабарландыру

2022 жылғы маусым-тамызда айларына  күнбағыс майын шығаруға квота алу үшін өтінім қабылдау туралы  хабарландыру

2022 жылғы маусым-тамызда айларына

күнбағыс майын шығаруға квота алу үшін өтінім қабылдау туралы

хабарландыру

«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2022 жылғы 17 маусымдағы № 198 бұйрығына (бұдан әрі –   Бұйрық) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі                  2022 жылғы маусым-тамыз айларына 68 000 (алпыс сегіз мың) тонна күнбағыс майын (СЭҚ ТН кодтары 1512 11 910 1, 1512 11 910 9, 1512 19 9002, 1512 19 900 9) Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға квота беруге өтініш қабылдайтынын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты:

2022 жылғы 21 маусымнан сағат 9.00-ден 23 маусым сағат 18.30-ге дейін.

 Тауарларды әкетуге арналған өтінімді беруге бір өтініш берушіге рұқсат етілген ай сайынғы лимит жиынтығында 6000 (алты мың) тоннадан аспауы қажет.

Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тауарларды әкетуге квота алу үшін өтінім беруші Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

Әрбір өтінім беруші тиісті айға бір ғана өтінім береді.

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) олардың негізінде тауарларды әкету жүзеге асырылатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері (уәкілетті банк (оның филиалы) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы берген есептік нөмірдің деректемелерін көрсете отырып, экспорт бойынша валюталық шарт үшін);

2) күнбағыс майын өндірушінің атынан күнбағыс майын әкеткен жағдайда күнбағыс майын өндірушіден контрагент-экспорттаушы туралы немесе заңды тұлға-өтініш берушінің үлестестігі туралы растау хат.

Бұл ретте, күнбағыс майын өндіруші контрагент-экспорттаушыға не үлестес заңды тұлғаға бір ғана растау хатын береді.

Өтінімдер (бірінші басшысы не өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті адам қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар) уәкілетті органның кеңсесі (Нұр-Султан, Мәңгілік Ел 8, Министрліктер үйі, 2 кіреберіс) арқылы қағаз түрінде немесе уәкілетті орган кеңсесінің office@minagri.gov.kz электрондық мекенжайына электрондық түрде PDF форматында беріледі.

Өтінімді жібергеннен кейін өтінімнің қабылдануы және тіркелуі туралы ақпаратты 8 (7172) 555-763 телефонға хабарласып, анықтау қажет.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) құжаттардың осы Бұйрықтың талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда өтінім берушіге хабарлама жіберу үшін өтінімде міндетті түрде электрондық мекен-жайды көрсету қажет.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.                   2022 жылғы 17 маусымдағы № 198 бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.

Күнбағыс майын шығаруға квота алу үшін өтінім нысандары қоса беріледі.

Қағидаларға сілтемелер:

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/317780?lang=kk

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/317780?lang=ru

 

Нысан

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы

министрлігіне

 

20___жылғы _______ тауарларды әкетуге квота алуға арналған өтінім

___________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты   (бар болса), тегі)

 Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкетуге квота бөлуді сұрайды. 

Экспорттың жоспарланған көлемі:  __________ (тауардың атауы, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының коды (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды) ______               ______ мың тоннаны құрайды;  |

Тиеп-жөнелту орны:________________________________ болып табылады.

                                     (облыс, қала, аудан, станция)         

Тиеп-жөнелту түрі: __________________________________________ 

                                        (вагон, контейнер, автомобиль көлігі)

Қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрінің коды)

 

 

Өтінім берушінің орналасқан жерінің (заңды мекенжайы) мекенжайы

 

 

Өтінім берушінің телефоны, электрондық почтасы

 

 

Өтінім берушінің жеке сәйкестендiру нөмiрі/бизнес-сәйкестендiру нөмiрі

 

 

Күнбағыс майын өндірушінің атауы

 

Дайын өнім бойынша күнбағыс майын өндіру қуаты, тонна/ тәулігіне

 

 

Келісімшарттың (шарттың) нөмірі

 

Келісімшарттың (шарттың) күні

 

Келісімшартты (шартты) есепке алу нөмірі

 

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

 

 

Тауардың атауы

 

 

Келісімшартқа (шартқа) сәйкес саны, тонна

 

 

Келісімшарттың (шарттың) құны, Америка Құрама Штаттарының долларымен

 

 

Өтінім берген сәтте күнбағыс майын өндірушіде күнбағыс тұқымының болуы, тонна

 

 

Өтінім берген сәтте күнбағыс майын өндірушіде күнбағыс майының (тазартылған және (немесе) тазартылмаған) болуы, тонна

 

 

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

Маған/бізге қатысты тарату, оңалту немесе банкроттық рәсімдердің басталмағандығын, сондай-ақ менің/біздің қызметім(-із) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уақытша тоқтатылмағандығын растаймын/растаймын.

_______________ _________________________________ ________________

  (лауазымы)           (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)                  (қолы) 

20__ жылғы «____» ___________