Қазақстан қант экспортына тыйым салады

Қазақстан қант экспортына тыйым салады

Қант бойынша импортқа тәуелділікті және ЕАЭО елдерінде қант өндірісі көлемінің төмендеуін ескере отырып, қантты жаппай елден әкетуге жол бермеу мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 140 «Қазақстан Республикасының аумағынан ақ қантты және құрақ қанты шикізатын шығарудың кейбір мәселелері туралы» бұйғырына сәйкес, ақ қантты (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 1701 99 100) және құрақ қанты шикізатын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 1701 13, 1701 14) шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынды.

Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Бұйрық ағымдағы жылдың 13 мамырында ресми түрде жарияланды.