Ауыл шаруашылығы министрлігі Сіздерді батырлық пен батылдық мерекесі - Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды!
Отанға - Қазақстанның тәуелсіздігіне қызмет ету бұл кез келген мамандықтан да артық. Бұл мемлекетке деген зор махаббат, ерік-жігер мен патриотизмді білдіреді. Сіздерге шын жүректен табандылық, батылдық, табыс, өркендеу, махаббат, бейбітшілік пен жақсылық тілейміз!