Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының шеңберінде өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзғаны үшін хаттамалар мен қаулылар жасау құқығына ие болды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі «Өсімдіктер карантині және оларды қорғау» саласындағы осы және басқа да өзгерістер туралы анықтама берді.
Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 28 қазандағы № 268-VI Заңының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі – Заң) шеңберінде өсімдіктер карантині және оларды қорғау мәселелері бойынша мынадай негізгі түзетулер енгізілді:
- шегіртке, қауын шыбыны, оңтүстік америкалық қызанақ күйесі, жеміс ағаштарының бактериялық күйігі, мемлекеттік қор жерлеріндегі карантиндік арамшөптерді қоспағанда, зиянды, аса қауіпті зиянды организмдерге, карантиндік объектілерге қарсы химиялық өңдеу жүргізу бойынша АШТӨ-ге жауапкершілікті бекіту («Өсімдіктер карантині туралы», «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы» ҚРЗ);
- Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдарынан мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау функцияларын өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның ведомствосына кері қайтару («Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексі және «Өсімдіктер карантині туралы» ҚРЗ);
- залалданған карантинге жатқызылған өнімді әкелуге және карантиндік объектілердің таралуына жол бермеу негізінде уақтылы шараларды қабылдау мақсатында уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды, шұғыл шараларды енгізу тәртібін бекіту жөніндегі ұғым мен құзырет анықталды («Өсімдіктер карантині туралы» ҚРЗ);
- карантиндік объектілердің өміршеңдік қабілетін айыру және ағаш буып-түю материалын зарарсыздандыру бойынша технологиялары бар кәсіпорындардың есебін жүргізу («Өсімдіктер карантині туралы» ҚРЗ, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚРЗ);
- өсімдіктер карантині жөніндегі инспекторларды бақылау, іске асыру функцияларын жүзеге асыру кезінде бейне және фото фиксация құралдарымен жарақтандыру (Өсімдіктер карантині туралы» ҚРЗ);
- тіркеуден кейінгі бақылауды жүзеге асыру кезінде бұрын тіркелген пестицидтерге тіркеу куәліктерін қайтарып алу үшін негіз белгілеу («Өсімдіктерді қорғау туралы» ҚРЗ);
- карантинге жатқызылған өнімге тек әкелінетін ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізілетін өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды белгілеу;
- бактериялық күйігін жұқтырған жеміс-жидек дақылдарын оқшаулауға және жоюға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізуге АШТӨ-ні ынталандыру;
- фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту («Өсімдіктерді қорғау туралы» ҚРЗ);
Сондай-ақ, көршілес мемлекеттермен шекара маңы аумағындағы фитосанитариялық бекеттерде карантиндік фитосанитариялық бақылаудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін Кәсіпкерлік кодекске «мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, жалған пестицидтерді өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілерін анықтау бойынша аумақтар мен объектілерге тексеру жүргізу, мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерінің жай-күйін айқындау бойынша бақылауды жүзеге асыруды» енгізу көзделген.
Сонымен қатар, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 415 және 416-баптары шеңберінде пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттердің талаптарын бұзғаны үшін хаттамалар мен қаулылар толтыру құқығы берілді.
Жалпы қолданыстағы заңдар мен кодекстер Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келтірілуде, сондай-ақ, өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласындағы құқықтық реттеудегі олқылықтар, қайшылықтар және коллизиялар жойылуда.