Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары әлеуметтік-экономикалық саясаттың барлық негізгі бағыттарын қамтиды - ҚР АШМ

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары әлеуметтік-экономикалық саясаттың барлық негізгі бағыттарын қамтиды - ҚР АШМ

2022 жылы 15 наурызда өткен Үкімет отырысында орта мерзімді кезеңге арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалу барысы туралы егжей-тегжейлі хабарлады.

Министр Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әлеуметтік-экономикалық саясатының барлық негізгі бағыттарын қамтиды және Ұлттық қауіпсіздік туралы заңға сәйкес әзірленді.

Оны қамтамасыз ету үшін үш критерий анықталды. Біріншісі - азық-түліктің физикалық қолжетімділігі, екіншісі - экономикалық қолжетімділік, үшіншісі – өнімнің қауіпсіздігі.

Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін арттыру үшін үш жыл ішінде өсімдік шаруашылығында әртараптандыру жүргізіледі, майлы дақылдар алқабы 3,5 млн га дейін, картоп алқабы 215 мың га дейін, жемшөп алқабы 4,2 млн га дейін ұлғайтылады. Сондай-ақ ірі қара мал басын 9 млн басқа дейін, ұсақ қара малды 20,1 млн-ға дейін, жылқыларды 4 млн-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Инвестициялық жобаларды іске асыру 2022 жылы картопты, көкөністер мен жемістерді сақтау қуатын кезең – кезеңімен 98,3 мың тоннаға, 2023 жылы – 104,5 мың тоннаға, 2024 жылы-19,6 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

Ведомство басшысы импортты алмастыру мәселесі де назардан тыс қалмайтынын айтып өтті. 

Халықтың азық-түлік тауарларына тұтыну шығыстарының үлесін төмендету және бағаларды тұрақтандыру мақсатында министрлік азық-түлік тауарларының құнын жүйелі талдауды және болжауды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізушілер үшін сауда базарларының жалдау ақысын төмендетуді қамтитын шаралар кешенін жүргізіп жатыр.

 Бағаларды әкімшілік реттеуден атаулы әлеуметтік қолдауға көшу жөнінде шаралар әзірленуде, тұрақтандыру қорлары қызметінің тиімділігіне толық бағалау жүргізілетін болады.

«Ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартудың жаңа нысандары арқылы кемінде 25 мың шаруашылық құру, сондай-ақ жаңа суармалы жерлерді игеру арқылы ауылдық жерлерде жұмыспен қамтуды ұлғайту процестері министрліктің назарында», - деді Ербол Қарашөкеев.

Сонымен бірге тұтынушыларды қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысындағы басымдық болып табылатынын атап өтті.

Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі ведомство жүргізіп жатқан жемісті жұмыстың қатарында зерттелетін импорттық өнімнің үлесін 80% дейін ұлғайту, қолда бар кәсіпорындарды жаңғырту және ветеринариялық және биопрепараттар өндіру жөніндегі жаңа кәсіпорындарды құруға кірісу болжанып отыр, бұл 2024 жылға қарай отандық тауарлардың үлесін 80% дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Жоспарды іске асыру ұлттық қауіпсіздіктің маңызды құрамдас бөлігі ретінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп толықтырды Ербол Қарашөкеев.

Ауыл шаруашылығы министрлігі орталық және жергілікті билік органдарымен, азаматтық қоғаммен және кәсіпкерлермен бірлесіп азық-түлікпен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру, халықтың азық-түлік тауарларына шығыстарын төмендету және қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті іс-қимылдарды қабылдап жатыр.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Үкімет мүшелеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ағымдағы қорлары туралы хабарлады. Жедел деректер бойынша ӘМАТ саны 1,3 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде ұн – 144 мың тонна, күріш – 39,3 мың тонна, макарон - 21,5 мың тонна және шамамен 900 мың тонна көкөніс өнімдері және т.б. қорлар күн сайын толықтырылып отырады, оны өндіру үшін шикізат жеткілікті.

Сонымен бірге министр елдегі қантқа байланысты қалыптасқан жағдайға түсініктеме беріп, қазіргі уақытта қорда 90 мың тонна қант барын және оны өндіріп, толықтыру бойынша жұмыстар тоқтатылмайтынын атап өтті. Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі жеткілікті және азаматтарды алаңдатуға негіз жоқ, деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.