Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға 40 млрд теңге сомасына 162 өтінім келіп түсті - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға 40 млрд теңге сомасына 162 өтінім келіп түсті - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

2022 жылғы 14 қаңтарда Азық-түлік корпорациясы 2022 жылғы егіннің ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу бағдарламасы шеңберінде қаржыландырудың басталғаны туралы жариялады.

2022 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 40 млрд теңгеден астам сомаға 162 өтінім келіп түсті.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы егіннің ауыл шаруашылығы өнімін форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыруға 80 млрд.теңге жұмсау жоспарланып отыр, бұл өткен жылғы мөлшерден 2 есе артық.

Сондай-ақ, сатып алынатын дақылдардың тізбесі жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, зығыр, рапс, соя, қарақұмық және жүгері сияқты он атауға дейін кеңейтілетін болады.

Форвардтық сатып алуға қатысу үшін әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері Азық–түлік корпорациясының интернет-ресурсында (бұдан әрі - Қор) электрондық ресурсында қабылданады (www.fcc.kz) немесе келесі мекен жай бойынша орналасқан облыстық өкілдіктерге қағаз нысанда тапсыруға болады:

Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ. 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 55-11-52, 42-25-22, +7 701 795 09 98;

Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 54-28-20, 54-28-94;

Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавловск қ. Партизанская к., 160, тел. (8-715-2) 42-27-24, 42-27-23, 55-11-64, 55-11-61;

Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Бейбітшілік к., 30,  206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-44-77, 56-06-57.

Форвардтық сатып алулар бойынша қосымша ақпарат алу үшін Азық түлік корпорацияның орталық аппаратына хабарласу қажет. Тел: 8 (717-2) 59-12-32 (ішкі 2358), 59-12-39, 59-12-65, 59-13-07.

Аталған бағдарламаның негізгі шарттары туралы www.fcc.kz сайтында танысып шығуға және өтінім беру үшін қажетті құжаттар мен форманы көшіріп алуға болады.