АӨК-дегі жұмыс берушілер инфляцияның деңгейін ескере отырып, жалақыны жыл сайын индекстеуге міндеттеледі - ҚР АШМ

АӨК-дегі жұмыс берушілер инфляцияның деңгейін ескере отырып, жалақыны жыл сайын индекстеуге міндеттеледі  - ҚР АШМ

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі салалық келісімге «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігімен және АӨК-дегі жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен (қауымдастықтарымен, одақтарымен) 2021-2023 жылдарға арналған қосымша келісім жасасты.

Қосымша келісім шеңберінде жұмыс беруші инфляция деңгейін ескере отырып, жыл сайын жалақыны индекстеуді жүргізуге, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен қызметкерінің айлық мөлшерлемесінің (жалақысының) ең төменгі мөлшерін арттыру коэффициентімен белгілеуге міндеттеледі.

Мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге жұмыс беруші кәсіпорын кәсіподағына еңбекақы төлеу қорынан қаражат бөлетін болады.

Осы және басқа да өзгерістер АӨК қызметкерлерін қолдауға, әділ әлеуметтік-еңбек қатынастарын орнатуға, жұмыспен қамтуды кеңейтуге және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған, сондай-ақ АӨК дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның мақсаттары мен міндеттеріне ықпал етеді.  

Естеріңізге сала кетейік, Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ және жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасында Агроөнеркәсіптік кешендегі 2021-2023 жылдарға арналған салалық келісімге 2021 жылғы маусымда әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысында қол қойылды.