Ербол Қарашөкеев Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау үшін қабылданып жатқан жүйелі шаралар туралы ақпарат берді

Ербол Қарашөкеев Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау үшін қабылданып жатқан жүйелі шаралар туралы ақпарат берді

Ербол Қарашөкеев 2022 жылы 12 қаңтарда Үкімет мүшелеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің жалпы отырысында  берген тапсырмаларын орындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі қабылдап жатқан жүйелі шаралар туралы баяндады.

Ведомство басшысы саланы мемлекеттік қолдау жүйесін түзету, азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін жүйелі шешу, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындық, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Мемлекеттік қолдау жүйесінде оның тетіктерін оңайлату және бағыттарын оңтайландыру, шаруашылық жүргізудің мөлшері мен нысандарына қарамастан барлық субъектілер үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі, нақты индикативтік көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша қарсы міндеттемелер енгізіледі.

Құрамында барлық мүдделі органдар бар құрылған жұмыс тобы өңірлерден, салалық одақтар мен қауымдастықтардан келіп түскен ұсыныстар мен ескертулерді жинауды және талдауды жүргізеді.

«Жұмыс топтарын өткізу қорытындысы бойынша субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша түпкілікті өзгерістер пакетін Үкіметтің қарауына енгізу жоспарланып отыр. Министрлік субсидиялаудың бірыңғай интеграцияланған мемлекеттік ақпараттық жүйесін әзірледі, оның қызметтері субсидия алушылар үшін тегін болады. Пилоттық нұсқа Ақмола облысында іске қосылады», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Жемшөппен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін жемшөп өндірісі саласын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, іске асырыла басталды, оның шеңберінде егіншілікті нақты әртараптандыру қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылғы көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу мақсатында «Кең дала» бағдарламасы арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді 70 млрд теңге көлемінде жеңілдікпен несиелендіру және азық - түлік корпорациясы форвардтық сатып алуға 80 млрд теңгеге қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, алдағы көктемгі егісті уақтылы дайындау және сапалы жүргізу үшін өткен жылғы құрғақшылық пен қажетті өндіріс құралдарына бағаның өсуі елеулі қиындықтар туғызып отыр.

«Осыған байланысты, фермерлерді қолдау мақсатында республикалық бюджетті нақтылау кезінде көктемгі егіс жұмыстарына бюджеттік кредитті ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз», - деді министр.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін нарықтық бағадан 15% - ға төмен бағамен кемінде 380 мың тонна дизель отынымен қамтамасыз ету мәселелері шешіліп жатыр, фермерлердің минералды тыңайтқыштарға деген қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету туралы келісімге қол жеткізілді. Тұқым, тыңайтқыштар мен пестицидтерді сатып алуды субсидиялауға 70 млрд теңге қарастырылған.

 «Облыстардың деректері бойынша 2022 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,9 млн га алаңға орналастыру жоспарланып отыр, бұл 2021 жылғы деңгейден 13,5 мың га артық. Жалпы көктемгі дала жұмыстарына дайындық жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр», - деп қорытындылады Ербол Қарашөкеев.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде импортты алмастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін 125 мың тонна көлемінде күнбағыс тұқымының және 110 мың тонна күнбағыс майының экспортына шектеулер, 3 ай мерзімге картоп пен сәбіз экспортына, сондай-ақ 6 ай мерзімге ІҚМ мен ҰММ әкетуге тыйым салынды.

Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік нан өндіру үшін «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ өткізетін астық құнын субсидиялау енгізіледі.

Соңында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ведомство Мемлекет Басшысының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.