Меню
Пресс-центр
Страницы
О министерстве
Контакты
Пресс-центр
Деятельность
Комитеты
Документы
Онлайн-приемная
gov@nitec.kz

ХАБАРЛАНДЫРУ 2022 жылғы қаңтар айына тауарларды (күнбағыс дәндері мен күнбағыс майы) шығаруға квота алу үшін өтініш қабылдау туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ 2022 жылғы қаңтар айына тауарларды (күнбағыс дәндері мен күнбағыс майы) шығаруға квота алу үшін өтініш қабылдау туралы

«Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 376 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тауарларды (күнбағыс дәндері мен күнбағыс майы) шығаруға квота беруге өтініш қабылданатынын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты:

2022 жылғы 17 қаңтар сағат 9.00-ден 2022 жылғы 19 қаңтар сағат 18.30-ға дейін.

 

2022 жылғы қаңтар айына берілетін квота көлемі:

- күнбағыс дәндеріне (СЭҚ ТН кодтары 1206 00 100 0, 1206 00 990 0) –              50 000 (елу мың) тонна;

- күнбағыс майы (СЭҚ ТН кодтары 1512 11 910 1, 1512 11 910 9,                           1512 19 9002, 1512 19 900 9) – 16 000 (он алты мың) тонна.

Бір өтініш берушіге арналған тауарды әкетуге рұқсат етілген шегі:

-күнбағыс тұқымы бойынша 3000 (үш мың) тоннадан,

-күнбағыс майы бойынша 6000 (алты мың) тоннадан артық болмауы тиіс.

Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тауарларды әкетуге квота алу үшін өтінім беруші Бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері, олардың негізінде тауарларды әкету жүзеге асырылады (егер мұндай шарттың сомасы баламасы 50 000 (елу мың) Америка Құрама Штаттарының  долларынан асатын болса, экспортқа валюталық келісім үшін уәкілетті банк (оның филиалы) немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы берген шот нөмірінің деректемелері);

2) астық қолхатының немесе қойма мекенжайын көрсете отырып, күнбағыс тұқымын сақтау туралы құжаттың көшірмесі (өтінім беруші күнбағыс тұқымын экспорттауға квотаны алу үшін ұсынады).

Өтінімдер (бірінші басшысы не өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті адам қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар) уәкілетті органның кеңсесі арқылы қағаз түрінде немесе уәкілетті орган кеңсесінің office@minagri.gov.kz электрондық мекенжайына электрондық түрде PDF форматында беріледі.

Өтінімді жібергеннен кейін өтінімнің қабылдануы және тіркелуі туралы ақпаратты 8 (7172) 555-763 телефонға хабарласып, анықтау қажет.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) құжаттардың осы Бұйрықтың талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда өтінім берушіге хабарлама жіберу үшін өтінімде міндетті түрде электрондық мекен-жайды көрсету қажет.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің                        2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 376 бұйрығымен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары және өтінім нысаны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған.

 

Өтініш формасын жүктеу сілтемелері:

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/243772?lang=ru

https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/documents/details/243772?lang=kk

Дата публикации
08 января 2022
Направления деятельности
Популярные новости
ОБЪЯВЛЕНИЕ о проведении отчетной встречи министра сельского хозяйства Республики Казахстан с населением
ОБЪЯВЛЕНИЕ о проведении отчетной встречи министра сельского хозяйства Республики Казахстан с населением
В Казахстане 2019 году выдано почти 10 млн ушных бирок для скота
В Казахстане 2019 году выдано почти 10 млн ушных бирок для скота
Ветеринарная безопасность
Социальные медиа
Telegram
Youtube
Instagram
Facebook
Меню подвал
Smart Bridge
Законодательство
Открытое Правительство
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК