
2022 жылдың 6 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара және ұсақ малды 6 айға, картоп пен сәбізді 3 айға шығаруға тыйым салынды.
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы және қаржы министрлерінің бірлескен бұйрықтары Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 25 қарашадағы шешімінің негізінде қабылданды.
Тірі мал мен көкөніс өнімдерін экспорттауға тыйым салу бағаны тұрақтандыру және ішкі нарықта тапшылықтың туындауын болдырмау мақсатында қолға алынды.
Сондай-ақ, министрлік тарапынан ағымдағы жағдайға күнделікті мониторинг пен талдау жүзеге асырылады. Ішкі нарықты қамтамасыз ету бойынша жағдай тұрақталған сәтте шектеу шараларын жою мәселесі қайта қаралатын болады.