ҚР АШМ – Ветеринария және фитосанитария саласындағы мемлекеттік қызметтер штаттық режимде көрсетілуде

ҚР АШМ – Ветеринария және фитосанитария саласындағы мемлекеттік қызметтер штаттық режимде көрсетілуде

Елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне және интернет жүйесінің уақытша істен шығуына байланысты, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тауар өндірушілерге жүйеде экспорттау/импорттауға және ішкі тасымалдауға қажетті құжаттарды алу механизмін әзірледі.

Ветеринария және фитосанитария саласындағы мемлекеттік қызметтері Агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған  «Е-Agriculture» жүйесі (бұдан әрі–БАБЖ) арқылы штаттық режимде жұмыс істеуде.

Аймақтық инспекциялардың қызметкерлері аудандық деңгейде осы жүйеде Мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық ортасын қолдана отырып интернетсіз жұмыс жүргізуде, тиісінше құзырлы қызметкерлер мемлекеттік қызметтерді шектеусіз көрсетуде.

Өтінімдер қызмет алушылыр тарапынан интернет желісінің болмауына байланысты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің барлық аудандық инспекцияларында өзіне өзі қызмет етуге арналған жұмыс орындарымен қамтылған, яғни әр қызмет алушы қажетті құжаттармен өтінімдерді тікелей жүйеде тапсыра отырып қызметтерін алу мүмкіндігі бар.

Аудан орталығынан алыс орналасқан ауылдық округтерде мемлекттік қызметті көрсету үшін уақытша мемлекеттік қызметтерді қағаз нысанда көрсету қамтамасыз етілген, интернет желісі іске қосылғаннан кейін ақпараттық жүйеге енгізілуі міндеттелді.