
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан және жеке өз атымнан Жаңа 2022 жылмен құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Өткен жыл еліміздің агроөнеркәсіптік кешені үшін оңай болған жоқ. Қолайсыз климаттық жағдайларға қарамастан, 16,4 миллион тонна астық өнімі жиналып, бұл ішкі қажеттіліктерді толық қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Жаңа жыл қарсаңында тек қорытынды жасап қана қоймай, болашаққа жоспар құру да әдетке айналған. Министрлік еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын әзірлеп, қабылдады. Бүгінгі күні АӨК дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы талқыланып жатыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ветеринария жүйесін және мемлекеттік қолдау шараларын реформалау бойынша жұмыс басталды.
Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер миллиондаған қазақстандықтардың өмірін жақсартуды мақсат етіп отырғанын атап өткім келеді.
Қиындықтарға қарамастан бәрі жақсы болатынына сенімдімін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық тілеймін, барлық жарқын армандарыңыз орындалсын!
Жаңа 2022 жыл құтты болсын!
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев