Ведомствоаралық комиссия ірі және ұсақ малды, картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салу туралы шешімді мақұлдады

Ведомствоаралық комиссия ірі және ұсақ малды, картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салу туралы шешімді мақұлдады

Ведомствоаралық комиссия ірі және ұсақ малды, картоп пен сәбізді экспорттауға тыйым салу туралы шешімді мақұлдады.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың қараша айында ішкі нарықта ІҚМ етінің республикалық орташа бағасы – 2 239 теңгені құрады және өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15% – ға (1938 теңге/кг), ұсақ мал етінің бағасы-2 409 теңгені құрады және 22% - ға (1973 теңге/кг) өсті.

Бағаның өсу үрдісі биылғы жылдың басынан бері байқалады. Қараша айында ірі қара мал етінің орташа республикалық бағасы жыл басынан бері 7,6% - ға және ұсақ мал етінің бағасы 15% - ға өсті.

Бұл ретте ет өңдеу кәсіпорындарының жүктемесі 50% төмен деңгейде қалып отыр, ағымдағы жылдың 10 айында 173 мың тонна ет өңделді, бұл ет өндірісінің жалпы көлемінің небәрі 18% құрайды.

Сондай - ақ бұқашықтар мен қошқарлар экспортының ұлғайғаны байқалады. ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің жедел деректеріне сәйкес ағымдағы жылдың 10 айында 161 мың бас ІҚМ шығарылды немесе 2020 жылдың деңгейінен 5,6 есе артық, ұсақ мал шығару 6,7 есе ұлғайды және 112 мың басты құрады. Осы жылдың соңына дейін 200 мыңға жуық ірі қара мал шығарылуы мүмкін.

Қалыптасқан жағдай ет және ет өнімдері бағасының өсуіне себеп болуы мүмкін.

Ағымдағы жылы картоп пен сәбізден жиналған өнім ішкі тұтыну және экспорттық әлеуетті сақтау үшін жеткілікті екенін атап өткен жөн.

Алайда, көрші елдерде көкөніс өнімдері мен картоптың төмен өнімділігі байқалғанын атап өткен жөн, бұл ішкі нарықтағы бағалардың өсуіне әкелуі мүмкін.

Аталған объективті көрсеткіштерді негізге ала отырып, ішкі нарықтағы тапшылықты болдырмау және бағаны тұрақтандыру үшін 2021 жылы 25 қарашада сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында барлық барлық топтағы ІҚМ мен ұсақ малдарды 6 айға, сондай-ақ 3 ай мерзімге картоп пен сәбізді шығаруға тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Бұл ретте, министрлік ағымдағы жағдайға күнделікті мониторинг пен талдауды жүзеге асырады және осы мәселе бойынша бейінді қауымдастықтармен және одақтармен талқылау және консультациялар түрінде бірлескен жұмыс істейді.

Ішкі нарықты қамтамасыз ету бойынша жағдай тұрақталған жағдайда шектеу шараларын жою мәселесі қаралатын болады.