Қазақстанда «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны жалғасып жатыр

Қазақстанда «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны жалғасып жатыр

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазан күні басталған «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» марафоны республиканың барлық өңірлерінде жалғасуда. Марафон аясында ауылдардың жетістіктерін көрсетуге бағытталған жәрмеңкелер, түрлі іс – шаралар өткізілуде.

Атап айтсақ, Ақмола облысында 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен 9 жәрмеңке өткізілді, онда 356,1 млн теңгеге 407,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.

Ақтөбе облысы бойынша 204 жәрмеңке өткізіліп, 598,6 млн.теңгеге 2 119,9 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды.

Алматы облысында Талдықорған қаласында отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда республикалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті, оған Алматы облысының 50-ден астам үздік ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысты. 462,7 тонна көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді, 214,4 млн.теңге сомасына сатылды.

Атырау облысында аудан орталықтары мен Атырау қаласының базарларында апта сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері мен көрмелері өткізіледі.

Жылыой аудандық музейінде өлкенің дамуына үлес қосқан еңбек ардагерлерінің жетістіктерін көрсететін фотокөрме ұйымдастырылды.  Көрмеде «Ауылым – алтын бесігім» тақырыбында ауыл жұмысшыларының еңбегіне арналған арнайы стенд ресімделіп, тәуелсіздік жылдары ауданның дамуына елеулі үлес қосқан мұнайшылардың, теміржолшылардың, ақын-жазушылардың, дәрігерлер мен мұғалімдердің фотосуреттері ұсынылды.

Облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Еңбек - тіршілік негізі», «Ауылым – алтын бесігім», «Еңбек түбі береке» сынып сағаттары, «Бұрын болды – қазір өзгерді» фотокөрмесі, «Бұл кім?» кәсіби бағдарлау ойыны, «Мен өскенде кім боламын» сурет көрмесі мен «Шебер қолдар» үйірмесі ұйымдастырылды.

Қазан айынан бастап Шығыс Қазақстан облысында отандық өндірушілердің 31 ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Отандық өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерінің 12 көрме-жәрмеңкесі өткізілді.

Өскемен қаласында «Бал жәрмеңкесі-2021» өтіп, онда ШҚО-ның 19 қаласы мен ауданындағы өндірушілерінің бал және бал өнімдері сатылды.

Жамбыл облысында 51 жәрмеңке өткізіліп, 1 286 тонна тауар сатылды. Апта сайын Тараз қаласында «Туған жерім-дархан далам» жәрмеңкесі өткізіліп, онда Тәуелсіздік жылдарындағы аудан жетістіктерінің көрмелері, Жамбыл облысының дамуына үлес қосқан ауданның еңбек ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің тарихын бейнелейтін фотокөрмелер ұйымдастырылады.

18-19 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкесі өтті, онда облыстың 90-нан астам өндірушісі жалпы сомасы 115,2 млн теңгеге 182,0 тонна азық-түлік тауарларын ұсынды.

Қарағанды облысы 2-3 қазанда елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін ұйымдастырды, оған 50-ден астам аталымнан тұратын өнім шығаратын өңірдің ең үздік ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілері қатысты. Ауылдық округтерде Тәуелсіздік жылдарындағы аудан жетістіктерін баяндайтын фотокөрмелер ұйымдастырылды.

Қостанай облысында ағымдағы жылдың басынан бері 262 жәрмеңке өткізіліп, 960 млн теңгеден астам сомаға өнім сатылды.

Бұған қоса, Нұр-Сұлтан қаласында Қостанай облысының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қатысуымен жәрмеңке өткізілді, онда 270 тонна көлемінде 100-ден астам өнім атауы сатылды.

Сонымен қатар «Өнеріміз саған, Қазақстан!» жобасы басталды. Жобаның негізгі міндеті - ұлттық бірегейлікті сақтау және мәдени мұраны насихаттау, ауылдық жерлерде халық шығармашылығының барлық түрлері мен жанрларын дамыту, облыстың жеке орындаушылары мен көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымдарының шеберлігін арттыру, сондай-ақ шалғай аудандардан жаңа таланттарды іздеу және қолдау.

Ірі сауда орталықтарында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы аудандар мен ауылдардың жетістіктерін көрсететін   фотокөрмелер ұйымдастырылды.

22 қазанда облыс орталығында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары нысандарының көрмесін өткізу жоспарлануда. Облыстың агроөнеркәсіптік кешенінің жетістіктерін көрсету, бәсекеге қабілетті отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ілгерілетуге бағытталған.

Қазақстанның еңбек ерлері С.Бұқанов, Б. Князев е, А. Тұрсынов және О. Даниленко туралы бейнероликтер түсірілді.

 11-12 қыркүйекте бас қалада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 70-ке жуық шаруашылық пен кәсіпорын қатысып, 400 тонна өнім сатылды.

Павлодар облысында 25 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді, «Ауыл ардагерлері» ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесінің қоғамдық бірлестігі облыстың дамуына ерекше үлес қосқан аудандар мен ауыл еңбеккерлері, еңбек батырлары жетістіктерінің фотокөрмесін ұйымдастырды.

Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында барлық аудандардың қатысуымен күзгі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған 100-ге жуық кәсіпорын қатысты, өнім түрлерінің жалпы көлемі 1 006,7 тоннаны құрады. Жәрмеңкеде 169,2 млн.теңге сомасына 100-ден астам атауларды құрады.

 Тайынша қаласында Тайынша ауданының жетістіктерінің фотокөрмесі өтті. Көрме барысында Тәуелсіздік жылдарындағы ауданның жетістіктері, ауданның елдің дамуына қосқан үлесі көрсетілді, туған ауылдың дамуына ерекше үлес қосқан еңбеккерлердің, ауданның еңбек ерлерінің тарихы көрсетілді.

 Түркістан облысында 11 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, 210 млн.теңгеге 366 тонна өнім сатылды. Еңбеккерлердің, ауылдың еңбек ерлерінің  жетістіктерін насихаттайтын фотокөрмелер ұйымдастырылды, Сондай-ақ еңбек ерлерінің қатысуымен аудандардың, ауылдардың жетістіктері туралы білім беру ұйымдарында ашық сабақтар өткізіледі.

Шымкент қаласында апта сайын жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтарының, сондай-ақ Түркістан облысының өндірушілерінің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкелері өткізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында бүгінгі күні республиканың 420-ға жуық тауар өндірушілерінің қатысуымен 14 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Барлығы 3 мың тонна өнім сатылды.

Еске сала кетейік, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны қазан айының соңына дейін жалғасады.