Нұр-Сұлтанда Қазақстан өсімдік өсірушілерінің алғашқы республикалық слеті өтеді

Нұр-Сұлтанда Қазақстан өсімдік өсірушілерінің алғашқы республикалық слеті өтеді

2021 жылғы 21 қазан, сағат 11.00-де еліміздің барлық өңірінен саланың 300-ден астам жетекші мамандарының қатысуымен Қазақстанның өсімдік өсірушілерінің алғашқы республикалық слеті өтеді.

Іс-шара аясында Ауыл шаруашылығы министрі, Парламент Мәжілісінің депутаттары, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Слет барысында елдегі өсімдік шаруашылығына байланысты кең ауқымды мәселелерді талқылау жоспарланған. Бірінші республикалық слет сарапшылар алаңына айналуы тиіс, онда кәсіпқой мамандардың кең ауқымының қатысуымен саладағы негізгі және шоғырландырылған шешімдер әзірленетін болады.

Іс-шараның форматы агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамытудың өзекті мәселелері туралы ашық диалог құрып, белсенді пікір мен ақпарат алмасуды көздейді.

Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттау, кәсіби қызметтегі жоғары жетістіктері үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамоталарын табыстау рәсімі өтеді.

Іс-шара XI «KazAgro/KazFarm-2021» халықаралық аграрлық көрме аясында өткізіледі.

Пандемияға байланысты іс-шара барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ескере отырып, ASHYQ қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Өтетін орны: «EXPO» ХКО, «3,4» конференц-залы.

Іс-шараны жариялауға қатысқысы келетін БАҚ өкілдері аккредитацияға өтінімді 20 қазан сағат 21.00-ге дейін еркін формада minagripress@gmail.com электрондық поштасына жібере алады

Қосымша ақпарат алу үшін 87172555756, 8 701 701 3450 телефонына хабарласу қажет.

 

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі