Қазақстанда Нан күні атап өтіледі

Қазақстанда Нан күні атап өтіледі

Үкімет қаулысына сәйкес, 16 қазанда Қазақстан Республикасында  Нан күні мерекеленеді.

Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінің тізіміне 2019 жылы енгізілген.

Нан - азық-түліктің ішіндегі ең маңызды және ең танымал, сүйікті тағамдардың бірі. Ежелден бері әлемнің барлық халықтарында нан ерекше құрметке ие болып келеді. Ал оны шығаратындар әрқашан мартебе мен құрметке ие болды.

Отандық аграршылардың еңбегінің арқасында Қазақстан Республикасы айтарлықтай астық ресурстарына ие және азық-түлік нарығының жауапты қатысушысы болып табылады.

Қазақстанда АӨК қызметкерлерінің қоғамдағы мәртебесі мен рөлін арттыру үшін барлық қажетті іс-шаралар қабылдануда.

Бұл күні көптеген елдерде нан өнімдерінің түрлі көрмелері, аспазшылардың, наубайшылардың және кондитерлердің кездесулері, жәрмеңкелер, шеберлік сыныптары, халықтық серуендер, сондай-ақ барлық мұқтаж адамдарға нанның тегін таратылуы, қайырымдылық акциялары және т.б. іс-шаралар өтеді.