Ағымдағы жылдың 8 қазанында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің базасында «Ветеринария жүйесін реформалаудың кейбір мәселелерін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел тақырыбы Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында айқындалды.
Аталған іс-шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, жергілікті атқарушы органдардың, білім беру ұйымдарының, бизнес пен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Г.Нұртазина өз сөзінде ветеринария жүйесін реформалау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және осы бағыттағы алдағы жоспарлар туралы атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар бірқатар мәселелерді талқылады. Атап айтқанда:
- ветеринария саласындағы мамандарды даярлау және олардың сапасын арттыру, сондай-ақ түлектерді әлеуметтік қамтамасыз ету, оларды мамандық бойынша жұмысқа орналастыру тізілімін енгізу;
- ветеринарияны цифрландыру: қолданыстағы цифрлық шешімдерді жетілдіру, сондай-ақ мобильді қосымшаларды енгізу;
- ветеринария дәрігерлері мен параветеринарлық кәсіп қызметкерлерінің біліктілігін реттеу және тексеру функциялары жүктелетін статуарлық орган құру.
- кәсіпорындарды бір заңды нысаннан басқа заңды нысанға ауыстыру, яғни шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын коммуналдық мемлекеттік мекемеге, осылайша ветеринариялық дәрігердің мәртебесін көтеруге және ветеринария мамандарының жалақысын арттыруға болады, сондай-ақ ветеринариялық дәрігерлерге жүктемені бекіту ұсынылды;
- кейбір ветеринариялық іс-шараларды бәсекелестік ортаға беру;
- ветеринарлық инспекторларды басқа функциялардан босата отырып, инспекциялық қызметті күшейту және т. б.
Іс-шара қорытындысы бойынша Г. Нұртазина дөңгелек үстелдің қатысушыларына белсенді атсалысқаны үшін және ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі тұжырымдаманы әзірлеу кезінде қаралатын ұсыныстары үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, осы бағыт бойынша жұмыс тобын құру жоспарланып отырғанын атап өтті.