Қазақстанда қапталған су мен құрамында қанты бар сусындарды таңбалау бойынша пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін жалғасады.
Сынақ барысында қапталған су мен құрамында қанты бар сусындарды таңбалау процесінің принциптері мен тәсілдерін келісу, сәйкестендіру құралдары белгісін түсіру технологиясын пысықтау, сәйкестендіру құралдарының оңтайлы түрін және оған қойылатын техникалық талаптарды анықтау, пилоттық жобаға қатысушылардың бизнес-процестеріне таңбалау процестерін интеграциялау мәселелерін пысықтау, мемлекеттік органдардың қапталған су мен құрамында қанты бар сусындар айналымына қатысушылармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру жоспарлануда.
Жұмыс тобы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қазақстан Республикасындағы таңбалау және қадағалау бойынша бірыңғай оператор – «Қазақтелеком» АҚ цифрлық экономиканы дамыту Орталығы жанында құрылды.
Қазіргі уақытта пилоттық жобаға қатысуға өтінімдер қабылдануда. Тіркелген қатысушылар пилоттық жобаға және жұмыс тобына, таңбалаудың жалпы моделі мен тәртібін қалыптастыруға қатысу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ, пилоттық жоба кезінде қатысушыларға арнайы жабдықтар тегін беріледі.
Пилоттық жобаны іске асыру барысы туралы толық ақпаратпен https://markirovka.kz/ сайтында танысуға болады.
Пилоттық жобаға қатысу үшін келесі мекен-жай бойынша қатысушы үлгісін https://go.sv/markirovka толтыруды сұраймыз, содан кейін оператор сізбен байланысады.
Сондай - ақ, қапталған суды және құрамында қанты бар сусындарды цифрлық таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаның басшысы Ерлан Нұрмағанбетовпен хабарласуыңызға болады +7 778 7866888, n.erlan@digitaleconomy.kz.