Сапархан Омаров «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы қызметіне сайланды

Сапархан Омаров «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы қызметіне сайланды

С. Омаровтың Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және астық саласын дамыту саласындағы көпжылдық нәтижелі қызметін, сондай-ақ астықты мемлекеттік сатып алу жүйесінде табысты тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. биылғы 28 шілдедегі № 227 бұйрығымен ҚР Үкіметінің келісіміне сәйкес, Омаров Сапархан Кесікбайұлы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына сайланды.

Сапархан Омаров 1968 жылы 5 мамырда дүниеге келген.

1996 жылдан 2007 жылға дейін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ-да қызмет атқарған. Азық-түлік корпорациясындағы 11 жыл ішінде бөлім бастығынан Вице-Президентке дейін көтерілді. 2008-2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2011-2014 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі болды. 2 жыл бойы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі болып еңбек етті.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланып, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы болды. 2019 жылғы 25 ақпаннан бастап 2,5 жыл бойы Ауыл шаруашылығы министрі болып жұмыс істеді. «Парасат» және «Құрмет» ордендерімен, мемлекеттік мерейтойлық медальдармен және 2010 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Бүгінгі таңда Азық-түлік келісімшарт корпорациясының алдында ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүргізу міндеттері тұр.                                С. Омаровтың ауыл шаруашылығында жинақталған тәжірибесі оған Корпорация алдына қойылған міндеттер мен мақсаттарды тиімді орындауға мүмкіндік береді.