2021 жылдың 29 мен 30 шілдесі күндері ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Ербол Қарашөкеев Қызылорда облысына екі күндік іссапарымен барады

2021 жылдың 29 мен 30 шілдесі күндері ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Ербол Қарашөкеев Қызылорда облысына екі күндік іссапарымен барады

Ең алдымен құрғақшылықтан зардап шеккен Арал ауданына ат басын тіреп, фермерлермен кездеседі, ауыл азаматтарының мал азығын дайындау жұмыстарымен танысады. Келесі күні Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарын аралап, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі. Олардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, өтініш-тілектерін тыңдайды.

Өтетін орны: Қызылорда облысының Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандары (іссапар бағдарламасы қосымша беріледі)

Барамыз деген БАҚ өкілдері үшін көлік жағы қамтамасыз етілген. Тіркелу үшін деректеріңізді  minagripress@gmail.com электронды поштасына жіберсеңіздер болады.

Толық ақпарат алу үшін  8 (7172) 555 765., 8778 321 7099  телефон нөміріне хабарласа аласыздар