«Қазақстандағы ауыл шаруашылығының цифрлық технологиялары» конкурсы

«Қазақстандағы ауыл шаруашылығының цифрлық технологиялары» конкурсы

Қазақстан  Республикасының  Ауыл  шаруашылығы  министрлігімен  бірлесіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының аймақтық филиалы   (бұдан   әрі   ФАО)   «Қазақстандағы   ауыл шаруашылығының   цифрлық технологиялары»  конкурсының  жариялау  туралы  хабарлайды  (бұдан  әрі - конкурс). Бұл байқау ауыл  шаруашылығына инновациялық технологияларды енгізудегі озық және табысты тәжірибені анықтап, көрсетеді.

Өтініш берудің соңғы мерзімі 2021 жылдың 31 шілдесіне дейін.

Консурсқа қатысу үшін төмендегі ақпаратты оқып, негізгі талаптарымен танысыңыз.

Конкурсты  қолдайтын  фермерлердің  кең  тізімі  таңдалады.  Іріктелген  шаруа қожалықтарына цифрландыруға салынған инвестициялардың қайтарымын зерттеу және  бағалау  үшін  техникалық-экономикалық  мамандар (ФАО  есебінен)  бөлінеді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығын цифрлы дамыту бойынша ұсыныстар жасалады.

Толық  ақпаратты  ұсынған  үміткерлерді  Конкурс  комиссиясы  іріктеп,  2021 жылдың  қарашасында  өтетін «Қазақстандағы  ауыл  шаруашылығының  цифрлық технологиялары»   қорытынды   онлайн-конференциясы   кезінде   өз   тәжірибелерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Негіздеме:

Қазақстан Республикасының Үкіметі цифрландыруға Тұрақты Даму Мақсаттарына (ТДМ) қол жетудің қозғаушы күші мен құралы ретінде маңызды назар аударады және осы мақсатта «Цифрлық Қазақстан» бес жылдық ұлттық бағдарламасын (2017 ж.) және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығын 2021 жылға дейін дамыту мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Осы мақсатқа жету  үшін  келесі  міндеттерді  алға  қойды,   «Орта мерзімді  перспективада  цифрлы технологияларды қолдану арқылы еліміздің экономикалық даму қарқынын жеделдету және   халықтың   өмір   сүру   сапасын   жақсарту»,   сондай-ақ   болашақта   сандық экономиканың құрылуын қамтамасыз ете отырып, Қазақстан экономикасының дамудың принципті жаңа траекториясына енуіне жағдай жасау.

Соңғы   жылдары   ауылшаруашылық   және   азық-түлік   өндірісі   саласында бірнеше ақпараттық жүйелер сәтті дамып енгізіліп келеді. Үкіметтің осы тақырыпқа назар аударуына және мемлекеттік   қызметтерді   цифрландыру  саласындағы   айтарлықтай   жетістіктерге қарамастан,    бизнес   үшін    оңтайлы    стратегияларды    және   Үкімет  тарапынан цифрландыруды қолдау әдістерін әзірлеу мақсатында шаруашылық деңгейінде инновациялық шешімдерді енгізу дәрежесін талдау қажеттілігі бар.

Сайыс:

Конкурсқа қатысу үшін қазақстанның ауылшаруашылық саласына қатысты жеке тұлғалар мен ұйымдардан өтініштер қабылданады. Ұсынылған тәжірибе қалалық және ауылдық аудандарда ауыл шаруашылығы секторында цифрландыру құралдарын қолдануға негізделуі тиіс. Ауыл шаруашылығы секторына орман және балық шаруашылығы да кіреді.

Сонымен  қатар,  ұсынылған  қолдану  практикасына  интернет  арқылы  қол жетімді қызметтер, мобильді құрылғыларға біріктірілген бағдарламалық жасақтама, сандық жабдықтар және жеке шаруашылық деңгейіндегі бағдарламалық шешімдер кіруі мүмкін. Конкурс критерийлері мен талаптары келесідей:

Талаптар

•  Қарастырылып отырған үздік тәжірибелер 2018 және 2021 жылдар аралығында сәтті енгізілуі керек;

•  Өтінімде көрсетілген цифрлық шешімдер Қазақстанда дамуы немесе қолданылуы тиіс;

•  Өтінімде көрсетілген цифрлық шешімдер Қазақстанда жасалған (әлде шетелде жасалып, Қазақстанда

пайдаланып жатқан болулары) керек;

•  Озық тәжірибелер цифрлық технологиялардың кем дегенде бір түріне негізделуі тиіс, соның ішінде мобильді/ спутниктік технологиялар, бұлтты есептеу, машиналық оқыту, сенсорлық желі, заттар Интернеті және т.б.

•  Шешімдер ықтимал көбейту немесе масштабтау үшін ауылшаруашылық саласында жұмыс істейтін мүдделі тараптар үшін қол жетімді болуы керек.

Өтініштер беру

Қатысу үшін сілтеме бойынша сіздің жобаңызды сипаттайтын нысанды толтырыңыз https://forms.gle/mp94M5Sqj3X3YqPH8

Қабылдау мерзімі

Өтініштер 2021 жылдың 31 шілдесіне дейін қабылданады

Қосымша ақпарат

Барлық өтінімдер Қазақстанның АӨК-не цифрлық технологияларды енгізу деңгейі туралы қорытынды есепті жасау кезінде ескерілетін болады.

Іріктеуден сәтті өткен кандидаттар 2021 жылдың қарашасында өтетін «Қазақстандағы ауыл

шаруашылығының цифрлық технологиялары» онлайн-

конференциясы кезінде өздерінің озық тәжірибелері мен үздік жетістіктерін ұсынуға мүмкіндік алады.

Конкурсқа қатысу үшін ақы алынбайды.

Шарттар мен этикалық стандарттар

Қатысушылар ұсынылған тәжірибеде қолданылатын бағдарламалық жасақтама мен технологиялардың зияткерлік меншік құқықтарын сақтауы керек.

Іріктеу процедурасы

Әр өтінім келесі критерийлер бойынша бағаланады:

 

Критерийлер

Сипаттама

Бағалау

 

Төмен                                                  Жоғары

Нәтижелер

Табысты

нәтижелерді және олардың оң әсерін көрсету керек

1

2

3

4

Тұрақтылығы

Көрсетілген тәжірибе

қаншалықты тұрақты (әлеуметтік,

экономикалық және экологиялық

тургыдан)?

1

2

3

4

Жаңартылуы

Технологияны қабылдау / қол жетімділік

тұрғысынан осы тәжірибені

қайталауға бола ма?

1

2

3

4

Жаңалығы

Басқа аймақтарда аналогтары бар

ма?

1

2

3

4

Технологиялар

Қолданылатын технологиялар мен шешімдердің

күрделілігі

1

2

3

4

Аймақтық байқау келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Өтініштер 2021 жылдың 31 шілде күніне дейін қабылданады.
  2. Үздік тәжірибелерді анықтау 2021 жылдың қыркүйегіне дейін өтеді;
  3. Барлық озық тәжірибелерді қоса алғанда, қорытынды баяндама 2021 жылдың қазан айында дайындалады;
  4. 6 финалисттерді таңдау - 2021 жылдың қазан айына дейн өтеді;
  5. 2021 жылдың караша айында «Қазақстандағы ауыл шаруашылығының цифрлық технологиялары» онлайн конференциясына қатысу, онда финалистер өздерінің үздік тәжірибелері мен жетістіктерін ұсынуға мүмкіндік алады.

Қосымша ақпарат

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса, бізбен келесі электрондық пошта мекенжайы: gulnaz.iskakova@fao.org арқылы байланыса аласыз.