Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау облысының малшыларына қолдау көрсетуде

Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау облысының малшыларына қолдау көрсетуде

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау облысының малшыларын қолдау мақсатында өңірге арзан бағада арпа жеткізуді ұйымдастырды. Бұл жұмыс «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ арқылы іске асырылды.

Фермерлерге көмектесу үшін «Каспий» ӘКК мен Азық-түлік корпорациясы арасында келісімшарт жасалды.

Бүгін Маңғыстау облысының Шетпе станциясына бағасы арзан 637 тонна арпа жөнелтілді. Бұл жүк шамамен 17-18 маусым күндері жеткізіледі. Жүкті жеткізу мерзімі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына байланысты.