Қазақстан мен БАӘ ауыл шаруашылығы министрлері АӨК саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан мен БАӘ ауыл шаруашылығы министрлері АӨК саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктеріне Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін бірлескен қор құруды ұсынды

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен БАӘ Азық-түлік және су қауіпсіздігі министрі Мәриям бинт Мохаммед Саид Хареб Әл Мехайриби Нұр-Сұлтан қаласында кездесті.

«Астана» АХҚО ғимаратында өткен кездесуде тараптар жемісті келіссөздер жүргізіп, ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты.

Сапархан Омаров АӨК саласындағы өзара іс-қимылды дамытуда екі елдің әлеуеті жоғары екенін айтып, Қазақстанның қазақстандық және араб кәсіпкерлері арасындағы тікелей байланыстарды нығайту және Біріккен Араб Әмірліктерінің республиканың агроөнеркәсіп секторына салынатын инвестицияларды ұлғайту арқылы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға Қазақстан тарапы ниетті екенін білдірді.

Осыған байланысты министр ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары, АӨК-тің әлеуеті және Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы толық ақпаратты ұсынды.

«Бұл кездесу екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге және дамытуға, Қазақстанның агроөнеркәсіп секторына инвестициялар тартуға қосымша серпін беретініне сенімдімін», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі.

Айта кету керек, Мариям бинт Мохаммед Саид Хареб Әл Мехайри ханымның Қазақстанға сапары қарсаңында Al Dahra Holding (Абу-Даби, БАӘ) компаниясының өкілдері Нұр-Сұлтан қаласына ҚР АӨК инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу үшін келген болатын. Елордада кездесулер өткізіліп, қонақтарға қарқынды бау-бақша шаруашылығы, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу, сондай-ақ азық-түлік пен құрама жем өндіру бағыттары бойынша жалпы сомасы 757 млн АҚШ доллары болатын инвестициялық жобалар ұсынылды. Атап айтқанда, әлеуетті инвестор SSA Agri DMCC, «Алель Агро» АҚ, «Olzha Agro» ЖШС, «Dinara Group», «NURYM GROUP», «Амал Био», «Zharkent Fruit», «Led System», «Sembell», «Зәйтүн дақылдарының тәжірибелік шаруашылығы», «Meat Processing Plant» және «Бахарат» компанияларының басшыларымен келіссөздер жүргізді.

 

Сонымен қатар, Al Dahra Holding делегациясы «KIDF» management company LTD», «Samruk Kazyna Invest LLP» және «Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Араб тарапына қазақстандық инвестициялық Даму Қорымен (KIDF) бірлесіп агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін инвестициялық қор құру ұсынылды.

Сондай-ақ, Қазақстанға жаңа жобаларды тарту мақсатында АХҚО юрисдикциясында Al Jahra Holding кеңсесінің өкілдігін құру ұсынылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, компания өкілдері қазақстандық инвестициялық жобаларға жоғары қызығушылық танытты. Осыған байланысты жақын арада Қазақстанға Al Jahra Holding техникалық сарапшылар тобы келіп, ұсынылған ынтымақтастықтың әлеуетін егжей-тегжейлі зерделейді.

 

Анықтама:

Al Dahra Holding – штаб-пәтері Абу-Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) орналасқан мал азығы мен негізгі азық-түлік өнімдерін (күріш, ұн) өсіруге, өндіруге және сатуға мамандандырылған көпсалалы ұлттық компания. Компанияның географиялық ауқымы кең, 20-дан астам елде жұмыс істейтін және 45-тен астам нарыққа қызмет көрсететін, Азия мен Таяу Шығыста жетекші орынға ие 5 мың қызметкері бар.

Топ ауданы 160 мың гектардан асатын жер банкін басқарады. Бұдан бөлек, компания мал азығын өңдеу және пакеттеу бойынша 15 заманауи кәсіпорынға иелік етеді және оны басқарады. Сүт және мал шаруашылығы өнеркәсібінің қажеттіліктері үшін жылына 3 млн тонна жоңышқа мен шөп өндіруге және жеткізуге мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда компания ауыл шаруашылығы жануарларына арналған азық бойынша қытай нарығының 25%-ын жабады.

Al Dahra Holding сонымен қатар 3 күріш диірмені мен жылына 0,5 миллион тонна күріш пен ұн шығаратын 2 ұн диірменін басқаратын астық өндіру, орау, маркетинг және тарату саласындағы жетекші компаниялардың бірі. Компания БАӘ-дегі Фуджейра портында (әлемдегі басты теңіз хабтарының бірі) орналасқан сыйымдылығы 300 мың тоннадан асатын стратегиялық астық хабына иелік етеді және оны басқарады.

Al Dahra Holding сонымен қатар логистика мен жеткізу тізбегіне үлкен қаржы салды. Компания жыл сайын шамамен 2 млн тонна жүк тасымалдайды және 175 мың стандартты контейнер жөнелтеді.