Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті қазақстандықтар!

Бүгін – ерекше күн.

1945 жылдың 9-мамыры алыстаған сайын, Ұлы Жеңістің маңыздылығын бағалай түсеміз.

Жеңіс күні – бұл патриотизм мен Отанға деген махаббатқа негізделген халқымыздың ерлігі мен тұтастығының шынайы символы.

Бұл күн – жеңіс әкелген қуанышты күн. Сондай-ақ, талай отбасыны қара жамылдырған қайғысы да бар. Бәріне уақыт емші. Дегенмен, қазақстандықтардың шынайы және ұмытылмас құндылығы болып қала береді.

Біз ата-бабаларымыздың даңқты ерліктері мен тарихымыздың қайғылы беттерін естен шығармаймыз. Сондықтан, фашизмді және бір ұлттың басқалардан үстемдігінің деструктивті идеологиясын жеңу үшін бейбітшілікті және халықтармен достық қарым-қатынасты сақтауға тырысамыз.

Құрметті соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері! Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!

 

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров