Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

1992 жылғы 7 мамырда Тұңғыш Президент – Елбасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы, Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы Жарлықтарға қол қойды.

 

Содан бері 29 жыл өтті. Осы уақыт аралығында жас мемлекет дамудың түрлі сатыларынан өтіп, буыны бекіді. Қоғам, азаматтардың көзқарасы, өмір салтымыз бен әдеттеріміз өзгерді. Уаақыт өте келе Қазақстан армиясының жаңаша түлегенін көзбен көрдік. Ел Қарулы Күштерінің қазіргі тыныс-тіршілігі тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы жағдайдан мүлдем өзгеше. Ел басшылығының ерекше назарының арқасында әскерилер қаржылық және әлеуметтік тұрғыдан толық қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, материалдық-техникалық жабдықтармен жоғары деңгейде жарақталған.

 

Армия мұндай қамқорлыққа лайық. Өйткені, Қарулы Күштер – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің сенімді қалқаны, сондай-ақ оның азаматтарының еркін және бейбіт өмір сүруінің кепілі.

 

Бізге тек Отанымыздың бұдан әрі гүлдене түсуіне және халқымыздың бақытты ғұмыр кешуі үшін тынбай еңбек ету міндеті ғана тұр. Айбарлы әскері, қуатты экономикасы бар елімізде азаматтарымыздың алаңсыз ғұмыр кешуіне мүмкіндік бар. Осындай бақты бағалай білгеніміз абзал.  

 

Республикамыздың Қарулы Күштері, Отанымыздың ержүрек қорғаушылары айрықша рөлге, ерекше құрметке ие!

 

Біздің елімізде қару тек оқу-жаттығуларда ғана қолданылсын.

 

Барша қазақстандықтарға бейбіт өмір, зор денсаулық, мол табыс тілеймін!

 

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров