Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің халыққа есеп беру кездесуі өтетіні туралы ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің халыққа есеп беру кездесуі өтетіні туралы  ХАБАРЛАМА

2021 жылдың 9-маусымы күні сағат 11:00-де ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Омаров Сапархан Кесікбайұлының халыққа есеп беру кездесуі өтеді.

Еліміздегі карантин режимін сақтау шараларына байланысты министрдің есеп беру кездесуі онлайн форматта өткізіледі.

Кездесу министрліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы тікелей эфирден көрсетіледі.

Министрге қоятын сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды minagripress@gmail.com электрондық поштасы арқылы 2021 жылдың 8 маусымына дейін жіберуге болады.

Есеп беру кездесуіне қатысты қосымша сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болған жағдайда 8 (7172) 55-57-65 телефон номеріне  хабарласуыңызды сұраймыз.