Ғалымдар батысқазақстандық әуесқой бағбанға қолдау көрсетеді

Ғалымдар батысқазақстандық әуесқой бағбанға қолдау көрсетеді

Аграрлық сала ғалымдары депутат Ирина Смирнованың сауалына таң қалды, деді ОКҚ брифингінде Қазақстан Республикасының көшет өндірушілер қауымдастығының басқарма төрағасы Серік Садықов

«Институт ғалымдары депутаттың сауалымен танысып, оған таң қалды. Сауалда энтузиаст Қайрат Кәрімовтың жеміс-жидек өсіретін бағы баламасы жоқ бірегей бақ деп жазылған…

Ия, агробиоәртүрліліктің кез-келген жиынтығы құнды. Алайда, оның коллекциясын 1937 жылы ұлы ғалымдар А.Кацейко мен А. Жанғалиев жасаған Қазақ жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының помологиялық бағының генофондымен салыстыруға болмайды. Егер Смирнованың пікірінше, ресейлік селекционер Исаевтың Қайрат Кәрімовтың бағындағы сорттары соншалықты маңызды және құнды болса, онда Ресей Федерациясының ғылыми-зерттеу институттары неге өз отандастарының коллекциясын әлі пайдаланбай отыр?», - деді С.Садықов.

Сондай-ақ, ғалымдар депутат Смирнованың Оралда Қ.Кәрімовтың ауқымды өндірістік және ғылыми жұмыс жүргізіп жатқаны туралы пікіріне күмән келтірді.

«Барлық ғалымдар ғылыми жобаларды іске асыру арқылы және алынған ғылыми нәтижелерді енгізу арқылы ақша табады.

Егер бәрі хатта айтылғандай болса, онда жоба неге коммерцияландыруға арналған конкурстан өтпеген? Қазақстан ғалымдары бір конкурстық шартқа бағынады және ғылыми жобаларға қойылатын талаптар барлығына бірдей. Барлық жобаларды шетелдік сарапшылар рецензиялайды және ҚР Ұлттық ғылыми кеңесі бекітеді», - деді спикер.

Депутаттың оралдық бағбанға мемлекеттік қолдаудың жоқтығы туралы сыни сауалына қатысты Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары өсімдік генофондын сақтау жөніндегі қызмет республикалық ғылыми-зерттеу институтында 2021 жылға дейін мемлекет тарапынан қаржыландырылмағанын және тек биыл ғана ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі республикалық ғылыми-зерттеу институтындағы конкурстық құжаттамада генофондты сақтау жөнінде техникалық тапсырмалар берілгенін еске салды.

«Қайрат Кәрімов бұл байқауға жалпы шарттар бойынша қатыса алады, оның үстіне коллекцияны сақтау және оны өміршең ету – бұл бір реттік жұмыс емес және тұрақты түрде қаржыландыруды талап етеді», - деп атап өтті ғалымдар.

 

Олар сондай-ақ жекелеген ғалымдарды жоғары органдарға шағымдар мен талаптар негізінде шығару, сондай-ақ оларға конкурстардан тыс мемлекеттік қолдау көрсету ғалымдардың қызметін субъективті бағалауға, екі жаққа тең дәрежеде қарамауға және бұрмаланған ғылыми мәліметтер алуға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақ жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты басшысының айтуынша, қазақстандық ғалымдар in vitro жағдайында және далалық жағдайда да коллекцияны көшіру және оны сақтау арқылы енгізілген сорттар мен қорларды жоғары әдіснамалық деңгейде сақтау және жан-жақты зерттеу бойынша энтузиастарға көмектесуге дайын.

«Біздің ғалымдар Қайрат Кәрімовпен ынтымақтаса жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдіріп, 2021-2023 жылдарға арналған Ғылыми зерттеу жұмыстарын мақсатты қаржыландыру бағдарламасы аясында бірлескен зерттеулер жүргізуді ұсынды.

Бірақ бұл үшін БҚО-да құрылған коллекциялық бақша-тұқымбағына объективті баға беру керек және сорттардың помологиялық белгілері мен олардың тамырларының түпнұсқаға сәйкестігін анықтау үшін ғылыми помологиялық сараптама жүргізу қажет», - деп хабарлады С.Садықов.

Оның пікірінше, бағбандардың мәселесін депутаттың көтергені дұрыс.

Дегенмен, мұндай жағдайларда ғылыми көзқарасты әуесқой зерттеулерден ажыратып қарау қажет.

Депутаттық сауалға жауап ретінде спикер Қазақ жеміс-жидек және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты атынан ғалымдардың күшімен Қайрат Кәрімовтің коллекциясының жай-күйіне ғылыми негізделген зерттеу жүргізуді және өнім сорттарына дұрыс баға беруді ұсынды.