2021 – 2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРСТЫ ҰЗАРТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2021 – 2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРСТЫ   ҰЗАРТУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі –АШМ) 2020 жылғы 28 желтоқсанда жарияланған 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстың 2021 жылғы 25 ақпанға дейін ұзартылғаны туралы хабарлайды.

Жаңа редакциядағы конкурстық құжат АШМ (https://www.gov.kz/memleket/entities/moa?lang=kk) және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (www.ncste.kz) сайттарында жарияланған.

Конкурстық құжаттарды түсіндіру бойынша және өтінімді дайындау мәселелері бойынша кеңестерді:  8 (7172) 55-59-73 байланыс телефоны арқылы алуға болады.

Бұйрық