Қазақстан Әзірбайжан елінен қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды – ҚР АШМ

Қазақстан Әзірбайжан елінен қызанақтарды алып келуге уақытша тыйым салды – ҚР АШМ

2021 жылғы 16 қаңтардан бастап ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті карантиндік фитосанитариялық шара ретінде Әзірбайжан Республикасының аумағынан қызанақты алып келуге уақытша шектеу енгізді

Әзірбайжан елінен жеткізілген қызанақ жемістеріне карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде 17 жағдайда Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы анықталды. Осыған байланысты Комитет уақытша карантиндік фитосанитариялық шара енгізді.

ISPM №13 «Сәйкестік және төтенше жағдайлар туралы ескерту нұсқаулығы» Халықаралық стандарттарына сәйкес Әзірбайжан агенттігіне тиісті нотификациялар жіберілді.

Қазақстан Республикасының аумағында вирустың таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары 2021 жылғы 16 қаңтардан бастап енгізілді.

Қызанақ жемістерінің Tomato brown rugose cfruit virus (ToBRFV) вирусы алқа тұқымдастары дақылының 30-70% өсімінің төмендеуіне алып келуі мүмкін.