Хабарландыру

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобы 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» № 383-V Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, кеңес құрамындағы бірнеше мүшелердің шығуына  байланысты, кеңестің қалған мерзіміне  жаңа мүшелерді қабылдау бойынша байқау жариялайды.

Үміткерлерді коммерциялық емес мекемелер және Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматтары ұсына алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

- сотталғандығы болмауы;

- сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда  кінәлі деп танымаған болуға;

- психикалық ауруға, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан бір ғана өкіл сайлана алады.  Белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін:

- кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

- кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Ұсыныстар 2021 жылғы «22» қаңтар сағат 18:30 дейін қабылданады.

Анықтама үшін: жоғарыда көрсетілген құжаттардың болмаған жағдайда немесе өтінімде көрсетілген мерзімі аяқталған жағдайда өтінімдер қараусыз қалады.

 

Байланыс мәліметтері: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Нұр-Сұлтан қ., Кенесары көш., 36, 010000,

e-mail:  minagripress@mail.kz 

тел. 8(7172) 555-765