АШМ ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру барысын талқылады

АШМ ағымдағы жылы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру барысын талқылады

ҚР АШМ-де ведомствоның 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есебі талқыланды. Іс-шара министрліктің Жауапты хатшысы М.Оразаевтың төрағалығымен өтті.

Талқылауға қоғам және Қазақстан фермерлері салалық бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және АӨК-ні цифрландыру департаментінің директоры Б.Алпысбековтың айтуынша, АШМ 2019 жылы мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматқа ауыстырудың белсенді кезеңіне кірісті. Өткен жылы ведомство сервистердің 82%-ын электронды форматқа көшірді. Ағымдағы жылы ҚР АШМ-нің коронавирус пандемиясына байланысты барлық жұмысы онлайн режимге көшкен кезде қызметтерді цифрлық форматқа ауыстыру жеделдеді.

2020 жылдың 9 айында ҚР АШМ-не бекітілген мемлекеттік қызметтердің 94% электронды түрде қолжетімді. Жалпы, 61 мемлекеттік қызметтің ішінде электрондық форматта - 57, қағаз форматта - 4 қызмет, оның ішінде 5 (жер ресурстары бойынша) «Азаматтарға арналған үкімет» жүйесі арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтердің жалпы санының 37-сін әкімдіктер көрсетеді: АӨК, өсімдік шаруашылығы, жер ресурстары, ауыл шаруашылығы техникасын субсидиялау қызметтері, сондай-ақ ветеринария және фитосанитария қызметтері.

Тікелей Ауыл шаруашылығы министрлігімен 19 қызмет көрсетіледі. 9 айда министрлік 215 421 қызмет көрсетті, оның ішінде қағаз түрінде - 24 %, электронды түрде - 76 %. 2019 жылмен салыстырғанда қағаз жүзінде көрсетілетін қызметтер үлесі 34%-ға төмендеді.

Айта кетсек, АШМ АӨК субсидиялаудың 16 бағыты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімін күнтізбелік 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін, инвестициялық салымдарды субсидиялау бойынша күнтізбелік 30 күннен 14 жұмыс күніне дейін, қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру бойынша 21 жұмыс күніне дейін қысқартты.

Дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 30 минутқа дейін қысқартылды.

Әкімшілік кедергілерді азайту үшін өсімдіктер карантині және пестицидтерді тіркеу бойынша мерзімдер барынша қысқартылды:

1) пестицидтерді мемлекеттік тіркеу бойынша (22-ден 18 жұмыс күніне дейін, құжаттар тізбесі 19-дан 17 бірлікке дейін.);

2) карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге алып кетуге фитосертификатын беру бойынша (5-тен 3 жұмыс күніне дейін, тез бұзылатын өнімге 3 сағат ішінде сертификат беру енгізілді);

3) карантинге жатқызылған өнімді ҚР аумағында тасуға сертификат беру бойынша (3 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне дейін);

Сонымен қатар, ҚР Жер Кодексіне енгізілген түзетулер аясында Жер ресурстары саласында 5 мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту қарастырылған:

1) сауда-саттық өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу (30-дан 15 жұмыс күніне дейін);

2) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру (30-дан 13 жұмыс күніне дейін);

3) жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту (7-ден 4 жұмыс күніне дейін);

4) жер учаскелеріне актілерді дайындау және беру (6 жұмыс күнінен 4 жұмыс күніне дейін);

5) жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп сату (15 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін);

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу және нөмірлік белгі беру (15 күнтізбелік күннен 1 жұмыс күніне дейін) бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері оңтайландырылды, портал арқылы фотоматериалдар беру арқылы ауыл шаруашылығы техникасын тексеру алынып тасталды.

«2018 жылы Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында 2021 жылы барлық мемлекеттік қызметтерді 100% автоматтандыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған байланысты, жұмыс жалғасатын болады. Қазіргі уақытта айтылған мәселелерді ескере отырып, келесі жылға арналған жұмыс жоспары әзірленуде. Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту және шешім қабылдаудың барлық деңгейлерінде адами факторды жою мақсатында ҚР АШМ ақпараттық жүйелердің ведомствоаралық интеграциясын ескере отырып, көрсетілетін қызметті берушілердің аралық анықтамаларды талап етуін азайту бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге тексеру жүргізеді», - деп хабарлады Б.Алпысбеков.