
«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 11 шілдедегі №273 бұйрығымен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстан Республикасының аумағына құс шаруашылығы және астық өңдеу кәсіпорындарының, лицензияланған элеваторлардың, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының мекенжайына теміржол көлігімен бидай әкелуді қоспағанда, автомобиль, су және теміржол көлігімен бидайды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 1001) әкелуге 2026 жылдың 27 шілдесінен бастап алты ай мерзімге тыйым салу енгізілгенін хабарлайды.
Бидай импортына қызығушылық танытатын кәсіпорындардың тізімі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 11 шілдедегі №273 бұйрығы http://zan.gov.kz/client/#!/doc/227657/kaz