
Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрама командасы 2–6 қыркүйек аралығында өткен орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық спартакиадада жалпыкомандалық есепте 4-орын иеленді.
Спартакиадаға мемлекеттік органдар аоасынан 27 команда қатысты.
Министрліктің атынан жиыны 42 қызметкер қатысты, олардың ішінде Комитеттердің алты өкілі бар.
Спартакиада қорытындысы бойынша ведомство өкілдері спорттың бірнеше түрінен жүлделі орындарға ие болды.
Ерлер арасында 100 метрге жүзуден АӨК-дегі МИК басқармасының басшысы Аманжол Махашев 1-орын алды.
Қазақ күресінен өткен жарыста ЖРБК сарапшысы Досжан Камалханов 2-орын алып, күміс жүлдегер атанды, ал аталған комитетте бас сарапшы Елдос Қуантаев 3-орын иеленді. Қазақ күресінен командалық есепте ҚР АШМ құрама командасы 3-орынға иеленді.
Шахматтан АӨК цифрландыру департаментінің сарапшысы Әсел Батырбек жекелей есепте 3-орын алды. Командалық есепте Министрлік құрамасы 3-орын алды.
Сонымен қатар, министрлік қызметкерлері киберспорт, қол күресі, футзал, волейбол және баскетболдан өткен жарыстарға белсенді қатысты.
Тоғызқұмалақ сайысы бойынша БҚҚД бас сарапшысы Абылайхан Бейсен және АҒБД бас сарапшысы Риза Ерғабыл жекелей есепте 5-орынға қол жеткізді.
«Спартакиада — бұл тек жарыс қана емес, сонымен қатар ұжымдық рухты қалыптастыратын, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, жаңа тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін алаң. Біздің құрама жақсы нәтиже көрсетті. 27 мемлекеттік орган қатысқан сайыста алдыңғы қатардан көріну ортақ мақсат жолында, жұдырықтай жұмылып, жоғары нәтижеге жетудің айқын дәлелі. Зор белсенділіктері үшін команда мүшелеріне алғысымды білдіремін», — деді ҚР АШМ аппарат басшысы Сергей Ли.